қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.09.2024

Сенсорлық жабдықтарды пайдалану бойынша оқу-тәжірибелік семинары


2024 жылдың 11 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен Дүниежүзілік банк жобасы аясында ұсынылған сенсорлық оқу жабдықтарын пайдалану бойынша оқу-практикалық семинар өтті.

 

Оқу-практикалық семинар Дүниежүзілік банктің инклюзивті білім беруді жетілдіруге, психологиялық-педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге, білім беру ұйымдарының білім беру инфрақұрылымын дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдық санадағы кедергілерді жеңуге бағытталған жобасы аясында өткізілді.

 

Семинарда қатысушыларға білім беру және зерттеу процестерін ресурстық қамтамасыз ету үшін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кешенді қолдау көрсетуге қабілетті, тәжірибеге бағдарланған кадрларды даярлау кезінде арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге арналған сенсорлық оқу жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері таныстырылды.

 

  alt=  

 

  alt=