қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.09.2024

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі


2024 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент қаласында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

 

Мәжіліске ҚР ҒЖБМ-нің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымының орынбасары Гүлжан Джарасова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану  Нарбекова, Ұлттық тест орталығының директоры Болатбек Абдрасилов, «Teach For Qazaqstan» қоғамдық қорының директоры Гульнара Салменова, BMG UpSkill жобалық менеджері Нұрсұлу Сулейменова, Хамк университетінің аймақтық өкілі Қарлығаш Жолдасова және педагогикалық бағыттағы университеттердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар арасында шетелдік университеттердің өкілдері, атап айтқанда Афина қаласындағы Ұлттық Каподостриан университетінің инклюзивті білім беру саласындағы профессоры Анастасия Влахоу, Хамк университетіндегі Педагогикалық мектебінің өкілі, KZEMP/DS-02 жобасының директоры Маарет Вискари болды.

 

Кеңейтілген мәжілісте спикерлер педагогтарды даярлауға арналған 30 жаңа инновациялық IP білім беру бағдарламасын пилоттық енгізу нәтижелері тақырыбын талқыланды. Қазақстан мен дүниежүзіндегі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерін, Республикадағы педагогика ғылымының ілгерілеуі, Қазақстанның жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлауда инновациялық әдістерді қолдану мәселелері көтеріліп, өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасылды.

 

  alt=  

 

  alt=