қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.09.2024

Профессор-зерттеушілер мен постдокторанттардың жылдық аттестациясы

 

Абай университетінде 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан профессор-зерттеушілер мен постдокторанттардың бағдарламасы жылдан жылға оң нәтиже беріп келеді. Бағдарлама ашылғанда 2 профессор-зерттеуші мен 3 постдокторант қабылданған болса, бүгінгі таңда аталмыш бағдарламаны университет басшылығының қолдауы нәтижесінде постдокторанттардың саны 30-ға, ал профессор-зерттеушілердің саны 15-ке жетті. Осы бағдарламаның университет ғылымын дамытуда профессорлардың ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану мен жас ғалымдардың зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін арттырып отырғандығы ақиқат.

 

 2024 жылдың 4 қыркүйегінде аттестациядан өткен профессор-зерттеуші, заң ғылымдарының докторы Жанна Хамзина 2023/24 оқу жылындағы жоспарын асыра орындап, бір оқу жылы ішінде Scopus (35 процентильден жоғары) және WoS халықаралық деректер базасы тізіміндегі ғылыми журналдарда 7 мақала жариялаған.  ҚР ҒЖБМ «Жас ғалым» бойынша 2 жобаның ғылыми кеңесшісі. Ғылыми жоба аясында 3 монографиясы жарық көріп, 1 авторлық куәлік алған. Жас ғалымдарға 2 семинар-тренинг өткізген. Бүгінде h-index Scopus - 18, WoS - 5ке жетіп отыр.

 

Постдокторант, PhD Тимур Әпендиев Scopus халықаралық деректер базасы тізіміндегі 35 процентильден жоғары ғылыми басылымдарда - 2, ҚР ҒЖБМ БҒСБК  журналдарда - 3 мақала жариялаған. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасында және 1 халықаралық жобаның орындаушысы. 2 семинар, 1 дөңгелек үстел өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында  мақалалар жариялаған. Scopus - 2, Web of science базасындағы h-index - 4-ке көтерілген.

 

Постдокторант, PhD Жазира Жұмабаева Scopus халықаралық деректер базасы тізіміндегі 35 процентильден жоғары ғылыми басылымдарда - 2, ҚР ҒЖБМ БҒСБК  журналдарда -5 мақала жариялаған. ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыратын 1 жобаның жетекшісі және 1 жобаның орындаушысы. Болашақ бастауыш білім педагогтеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 4 семинар өткізген. 1 монография, 1 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік құралы, 1 электронды оқу-әдістемелік құралы, 1 мобильді қосымша жарыққа шығарған.

 

Профессор-зерттеуші Ж.Хамзинаның, постдокторанттар Т.Әпендиев пен Ж.Жұмабаеваның есептері Ереже талаптарынан артық көрсеткіштерге ие болып, ғылыми жетістіктері университеттің зерттеу әлеуетін арттыруға, сондай-ақ оның әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерін жоғарылатуға оң әсерін тигізетіндігі анық. Аттестациядан өткен ғалымдарымызды құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен нәтижелі ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=