қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.09.2024

«Тілім менің аманат болған ғасырдан» қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі 


2024 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы қаласы Жетісу ауданы №3 жалпы білім беретін мектепте «Тілім менің аманат болған ғасырдан» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі болып өтті.

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жанар Ахметова ұйымдастырған онкүндік аясындағы кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, мектеп оқулықтарының авторы Райгул Рахметова қатысты.  

 

Кездесуді мектеп директоры Зауреш Атенова  ашып, оқушыларды кеш қонағымен таныстырды. Кешке оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі  Жалғас Қожағазина,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен оқушылар қатысып, автормен еркін сұхбат құрды. Өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Райгүл Рахметова оқушыларды тіл мен әдебиет, тарих туралы тың мәліметтермен таныстырып, ой бөлісті. 

 

Оқушылар ұлы ақындардың тіл туралы өлеңдерін оқыды. Шара барысында 8 сынып оқушысы Құрымбай Нұрасыл  өз шығармашылығымен бөлісіп, Райгүл Рахметоваға арнаған өлеңін оқып берді.

 

  alt=  

 

  alt=