Главная
Новости
30.09.2024 Білім берудегі тәжірибелік зерттеулер және оның инновацияға әсері 2024 жылдың 26 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінде Бурса-Улудаг университетінің білім беру факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Salih Ҫepni «Білім берудегі тәжірибелік зерттеулер» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәрісте тәжірибелік зерттеулердің білім берудегі маңызы, олардың оқыту әдістеріне әсері, білім беру реформалары мен инновациялары талқыланды.
Ашық дәріс студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, оқытушыларды және ғылыми қызметкерлерді білім беру тәжірибесіне инновациялық тәсілдер мен ғылыми әдістерді енгізуге шабыттандыру мақсатында өткізілді.
|