қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.10.2024

Шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Химия» БББ мазмұнын талдау


2024 жылдың 3 қазанында Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасында Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен шетелдік профессорлардың қатысуымен бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім беру бағдарламалары таныстырылып, мазмұны талданды. Трабзон университетінің профессоры Салих Чепни (Түркия) Түркия жоғары оқу орны білім беру бағдарламалары және Абай университетінің «Химия» мамандықтары бағдарламасының мазмұнына тоқталып, ұқсастығы және айырмашылығы туралы айтты.

 
Ашық семинар барысында Жапония елінің профессоры Хироки Фуджи Окаяма университетінің білім беру бағдарламалары мазмұны туралы баяндады. Кафедра оқытушылары мен шетелдік ғалымдар қос дипломдық бағдарлама жасау мүмкіндігі мен ғылыми жобалар, зерттеулер жүргізу маңыздылығы туралы пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=