қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.10.2024

Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджидің семинары


2024 жылдың 3 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Жанопия) «Химия» мамандығының магистранттары мен докторанттарына ашық дәріс оқыды. Дәріс «Plastics and modern society» тақырыбында өтті. Ашық дәрісте профессор Х.Фуджи пластиктер тақырыбына арналған сабақ жоспарымен және оқу материалымен таныстырды. Сондай-ақ профессор пластиктердің қоғамға әсерін талдап, олардың қоршаған ортаға берер зиянын нақты мысалдармен түсіндірді. Дәріс барысында күнделікті өмірде қолданатын материалдарға қайта өмір беруге арналған «Refuse, reduce, reuse, recycle» әдісіне тоқталды. Пластиктерді қайта өңдеудің негізгі үш жолын және оны өндірудің жаңа әдісімен бөлісті. Дәріс соңында қатысушылар профессормен сұрақ жауап алмасып, ашық талқылау өткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=