Главная
Новости
09.10.2024 «Жасасын Ұстаз!» TikTok челленджінің нәтижелері 2024 жылдың 08 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің педагогика кафедрасы TikTok-челлендж қатысушыларымен қорытынды кездесу өткізді.
Челленджге «6В01 - педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2 курс студенттері қатысты.
Конкурсқа студенттерден #ЖасасынҰстаз хэштегымен әлеуметтік желідегі (TikTok, Instagram, YouTube) парақшаларында жарияланған 40-тан астам қысқа бейнероликтер келіп түсті.
Студенттер өз бейнероликтерінде таңдаған мамандықтарына құрмет көрсетіп, оның шын мәнін ашты және педагогтың әлеуметтік мәртебесін арттырды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Қазақ тілінде білім алатын студенттерден құралған командалар: 1 орын - Мұқанбетов Аманжол, «Математика IP» мамандығы https://vm.tiktok.com/ZMhhAGdgs/ 2 орын - «Физика IP» мамандығы бойынша 233 топ студенттері https://www.instagram.com/reel/DAoPtoSKxPR/?igsh=cWJ5ZDNndjMwZjBy 3 орын - Исембаев Әлинур, Математика IP» мамандығы https://vm.tiktok.com/ZMhhAXcn6/ 3 орын - «Химия-биология» мамандығы бойынша 4 топ студенттері https://www.instagram.com/reel/DAp7IS_oFQz/?igsh=MXh6MnVpN21oMWh3Ng==
Орыс тілінде білім алатын студенттерден құралған командалар: 1 орын - «Шығыс және ағылшын тілі мұғалімі» мамандығының студенттері https://www.tiktok.com/@vostok_gruppa/video/7420794363883769093 2 орын - «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттер, РКО 201 https://www.instagram.com/reel/DAgVPkooHkD/?utm_source=ig_web_button_share_sheet 3 орын -«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттер, РКО 203 https://www.instagram.com/reel/DAik9Ayslzn/?igsh=NG4yaXY4bDlwZ29p
Жеңімпаздардың бейнероликтері Instagram, YouTube, Facebook әлеуметтік парақшаларында жарияланады. Көрсеткен белсенділіктері үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
|