Главная
Новости
09.10.2024 АЭС бойынша референдум: Абай университетінің ғалымдары Ұлыбританияда дауыс берді Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушылары Мошкалов Алтынбек және Жаксибаева Жанар Ұлыбритания Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Абай университетінің қос ғалымы өзге елде жүріп ел тағдыры үшін өз таңдауларын жасады. Оқытушылар «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында Рединг университетінде (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан болатын.
Университет оқытушылары, ел үшін тарихи сәттен тыс қалмай, әр дауыстың маңыздылығын атап өтіп, шетелде жүрсе де Қазақстанның дамуына үлес қосуға болатынын көрсетті.
|