қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.10.2024

Астана қаласында «Qosh keldin, student» мерекелік шарасы өтті

 

2024 жылдың 11 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астанадағы «Білім беру» факультетінде 1 курс білім алушыларын студенттер қатарына салтанатты түрде қабылдауға арналған «Qosh keldin, student» мерекелік шарасы өтті.


Университеттің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп қатысып, барша бірінші курс білім алушыларын студент атануларымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.


Мерекелік кеш барысында университетіміздің талантты студенттері өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Есеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы еңбек нарығындағы педагог кадрлардың тапшылығын жою және мұғалімдерді бірлесіп даярлау мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті арасында консорциум жасалған болатын. Аталған серіктестік негізінде Еуразия ұлттық университетінің базасында Абай университетінің «Білім беру» факультеті ашылып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңадан құрылып жатқан факультеттің 9 білім беру бағдарламалар тобына нысаналы 240 грант бөлген еді.


Нәтижесінде бүгінгі күні «Білім беру» факультетіне 300 талапкер бірінші курсқа түсіп, Абай университетінің студенті атанып отыр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент