қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.10.2024

Миннесота университетінің өкілдерімен кездесу


2024 жылдың 11 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да университет басшылығының Миннесота университеті (АҚШ) Білім және адам даму колледжінің деканы және профессорларымен кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында тараптар педагогика, білім беру, инклюзивті білім беру, білім беру психологиясы және басқа да салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Абай университеті академиялық ұтқырлық, қос дипломдық бағдарламалар, сондай-ақ шақырылған профессорлар аясында ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Сонымен қатар, арнайы білім беру және озық технология салаларындағы бірлескен жобалар мен зерттеулерге арналған идеялар ұсынылды.


Америкалық университеттің өкілдері өз кезегінде ғылыми әзірлемелері, ағымдағы зерттеулері және болашақ жоспарлары туралы ақпарат берді.

 

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын, басым білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы ұзақ мерзімді халықаралық серіктестік байланыс орнату мүмкіндіктерін анықтады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

 

Айта кету керек, Абай университетінің оқытушылары осыған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша аталған колледжде ғылыми тағылымдамадан өткен.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=