қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.10.2024

«Кел, танысайық студент!» ақпараттық-танымдық кездесу  


2024 жылдың 16 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінде 2024/2025 оқу жылында 1 курсқа қабылданған бакалавриат білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Кел, танысайық студент!» ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова ашты. 

 

Кездесуде Педагогика және психология факультетінің құрылымы мен білім беру бағдарламалары, университет сайтындағы «Академиялық саясат», «Академиялық күнтізбе» және «Академиялық адалдық» ережелері, «Univer» жүйесінің қызметі туралы ақпараттар берілді.

 

Іс-шара барысында 1-ші курс білім алушылары тарапынан қойылған сұрақтарға факультет әдіскерлері Жаухар Тулеумуратова мен Жансая Жеткергенова жауап берді.

 

  alt=