қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.10.2024

«Ақберен» өнер конкурсы өтті


2024 жылдың 15 қазанында Алматы қаласындағы №42 жалпы білім беретін мектепте «Ақберен» республикалық өнер конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурсқа Алматы мектептерінен 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты.

 

Аталмыш өнер сайысын Алматы қалалық Білім басқармасына қарасты «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырды.

 

Конкурс орындаушылық, ақындар айтысы, ұлттық музыкалық аспапта ойнау және көркемсөз оқу деп аталатын төрт кезеңнен тұрды.

 

Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының аға оқытушысы Жаңагүл Сұлтанова қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=