Главная
Новости
23.10.2024 «Мектептерге арналған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша элективті курстарды әзірлеу әдіснамасы мен әдістемесі» семинары
2024 жылдың 17 қазанында Тарих және құқық факультеті Т.С. Садықов атындағы Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихы кафедрасының оқытушылары Бимолданова А.А. және Белоус С.Г. Түрксіб ауданы №44 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеушілеріне арналған «Мектептерге арналған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша элективті курстарды әзірлеу әдіснамасы мен әдістемесі» тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинардың мақсаты - гуманитарлық білім беруді дамыту мәселелері бойынша ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін жинақтау және кәсіби қарым-қатынасы, педагогтар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Қатысушылар оқушыларды оқу процесіне тереңірек тартуға ықпал ететін элективті курстарды әзірлеудегі өз әзірлемелерімен және тәсілдерімен бөлісті. Оқытудың заманауи әдістеріне және оқытуда жаңа таным көкжиектерін ашатын интерактивті технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды.
Талқылау динамикалық ортада өтті. Онда әркім өз ойын білдіріп, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Бұл белсенді диалог құруға жәрдемдесті. Мұндай іс-шаралар педагогикалық тәжірибені байытып қана қоймай, сондай-ақ білім беру мекемелері арасындағы байланысты да нығайта түседі.
|