қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.10.2024

Менеджмент түрлері. Стресс – менеджмет: стратегиялық жоспарлаудың мәні, қызметі,  әдістері

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Анар Алимбекова  «6B01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығының 4 курс студенттеріне ашық дәріс өтті. «Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттегі стресс менеджмент» пәні бойынша өткізілген дәріске мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және профессор Аксауле Манкеш, докторант Жанна Асанханова, сонымен қатар педагогика және психология кафедрасынан доцент Кулмисхан Абдреимова қатысты.

 

Ашық дәріс сабағының мақсаты - студенттердің менеджмент саласында білімдерін кеңейту, тайм менеджмент, селф менеджмент, сртесс менеджмент арқылы стрессті басқару дағдыларын дамыту,  стратегиялық жоспарлауды үйрету, болашақ  қызметтерінде кәсіби қажуды алдын алу, сонымен қатар профессор-оқытушылар арасында тәжірибе алмасу. 

 

  alt=  

 

  alt=