Главная /
СМИ о нас
12.01.2018 ДЕПУТАТТАР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламент төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының ректорлары және проректорларымен кездесті. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.
Кездесуде Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына байланысты сұрақтар талқыланды.
Гүлмира Исимбаева Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысы қол қойған салық заңнамасы блогы, кедендік реттеу туралы заңдар блогы, Әкімшілік кодекс және тағы басқа бірқатар заңдарға тоқталып, қазіргі таңда, тікелей білім беру жүйесімен байланысты «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне университеттердің академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді.
12.01.2018 ж. Ақпарат көзі: kazgazeta.kz
|