қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.11.2024

QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдығына арналған халықаралық іс-шара жетекші сарапшылар мен академиялық қоғамдастық өкілдерінің басын қосты.

 

Пре-саммитке Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Жансейіт Түймебаев,  Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп, сондай-ақ Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия және Үндістанды қоса алғанда 150 елден 350 жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

 

Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық университеттердің жоғары білім мен ғылым саласын дамыту бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Министр QS әлемдік рейтингіне қазақстандық 21 жоғары оқу орны қатысатынын және жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.

 

QS Quacquarelli Symonds сараптама агенттігінің коммерциялық бас директоры Джейсон Ньюман өз кезегінде мұндай іс-шараны Қазақстанның жетекші университеттерінің бірінде өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның өңірлік және әлемдік білім беру кеңістігін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

 

Пленарлық отырыс «Білім беру саласына жаһандық мақсаттарды интеграциялау», «Жаһандық байланыстар», «Навигациялық технологиялар: жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласындағы үздік тәжірибелер» тақырыбына арналған секциялармен жалғасты. Қатысушылар білім беру үрдістерін дамытудың озық тәсілдерін талқылай отырып, белсенді түрде пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

 

Іс-шара соңында QS Quacquarelli Symonds жаһандық үкіметіндегі аймақтық директор Сергей Христолюбов сөз сөйлеп, QS World University Rankings 2025 рейтингінде жоғары орын алған бірқатар қазақстандық университетті марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады.

 

Қазақстандағы педагогикалық білім берудің флагманы - Абай университеті Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарының арасында тұрақты түрде жетекші орынды иеленіп келеді. QS World University Rankings 2025 рейтингінде Абай университеті әлемдегі 671-680 үздік университеттер қатарына кіріп, Қазақстан жоғары оқу орындарының үздік бестігіне енді. Аймақтық QS WUR Asia рейтингінде университет Азиядағы ең үздік топ-150 университеттің қатарына еніп, 146-шы орында тұр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=