қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.11.2024

Алматы облысы ҰҚК шекара қызметінің 2024 жылғы күзгі шақырылған  курсанттарымен кәсіптік бағдар беру жұмысы


2024 жылғы 08 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті арасында жасалған меморандум негізінде кафедра меңгерушісі Гүлмира Ниетбаева мен жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Күнсулу Тусубекова мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне арналған кәсіптік бағдар беру іс-шараларын ұйымдастырып  өткізді.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ қолдауымен Алматы облысы Қарасай ауданының шекара басқармасының жұмыс берушілерімен ынтымақтастық шеңберінде жүргізілді.  

 

Кәсіптік бағдар беру  жұмысы жыл сайын маңызды бола түсуде. Психологиялық диагностикалық әдістемелер мен кәсіптік бағдар беру тренингтерін қамтитын бұл іс-шаралар оқытушылардың жетекшілігімен 3 және 4 курс студенттерінің қатысуымен өтеді. Сессиялар 2024 жылдың 6-29 қарашасы аралығында өтті.  Бағдарламаның мақсаты - студенттер мен әскери қызметшілердің қазіргі заманғы мәнсаптық сын-қатерлерге табысты бейімделуіне жәрдемдесу.

 

Тренингтерге подполковник Алмас Болатханов,  әскери психологтар - майор Сырым Исабаев және капитан Мадияр Ақшолақов, полиграфолог Әлішер Мираситов, курсанттар мен мерзімді қызмет сарбаздары қатысты.  Кәсіптік бағдар беру жұмысына, атап айтқанда, қызықты тренингтер өткізуге «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» мамандығының студенттері: Қуаныш Ақгүл, Лес Сымбат, Бақытжан Аминат, Абдильманова Камила, Талғат Нұрай, Игизғали Сымбат белсенді қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=