Главная
Новости
12.11.2024 «Білім берудің үлкен тілдік модельдерінің мүмкіндіктері мен проблемалары (ChatGPT мысалында)» ғылыми-семинары 2024 жылдың 8 қарашасында постдокторанттар Раиса Измагамбетова мен Назгуль Кожамкулова «Білім берудің үлкен тілдік модельдерінің мүмкіндіктері мен проблемалары (ChatGPT мысалында)» ғылыми-семинар өткізді. Іс-шараға білім беру саласындағы жаңа сандық технологиялар мен генеративті жасанды интеллект негізінде әзірленген ChatGPT чатботының әлеуетін талқылауға оқытушылар, постдокторанттар, докторанттар, магистранттар және студенттер белсенді түрде қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Семинар барысында білім беру саласындағы үлкен тілдік модельдердің, атап айтқанда ChatGPT чатботының әлеуеті, тиімділігі, проблемалары және этикалық аспектілері кеңінен талқыланды. Постдокторанттар Раиса Измагамбетова мен Назгуль Кожамкулова тілдік модельдердің оқыту мен оқу үдерісіндегі рөлі, студенттердің оқу мотивациясына әсері, жеке дағдыларды дамытудағы мүмкіндіктері, сондай-ақ плагиат және ақпараттың дәлдігі секілді этикалық мәселелерді жан-жақты қарастырып, тыңдаушыларды толыққанды мәліметтермен таныстырды.
«Білім берудің үлкен тілдік модельдерінің мүмкіндіктері мен проблемалары (ChatGPT мысалында)» ғылыми-семинары білім беру саласындағы қазіргі тенденцияларды талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тілдік модельдерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін жаңа тәсілдер мен стратегияларды дамытуға ықпал етеді.
Семинардың соңында қатысушылар тілдік модельдердің білім берудегі мүмкіндіктері мен проблемаларына қатысты қорытынды пікірлерін білдірді.
|