Главная
Новости
13.11.2024 «Кемелденудің жеті шеңбері – адамгершілік формуласы» тағылымды кездесу кеші 2024 жылдың 12 қарашасында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен «Кемелденудің жеті шеңбері - адамгершілік формуласы» тақырыбында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Түріксой ұйымы бас хатшысының кеңесшісі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» клубының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры, ақын, философ Мұратхан Шоқанмен тағылымды кездесу кеші өтті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Қазақстан жазушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында және екі жақты бірлескен жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылған тағылымы мол, мазмұны терең кездесудің мақсаты - ақынның шығармашылығын насихаттау, жастардың сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа деген ықыласын арттыру болды.
Шараға университеттің әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Рақымберді Жетібай, Филология факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бекболат Байкараев және 150-ден аса университеттің белсенді студенттері қатысты.
Кеш барысында көрнекті ақын «Кемелденудің жеті шеңбері - адамгершілік формуласы»тақырыбында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, өз шығармаларынан бірнеше өлеңдерін оқып, студенттерді ұлттық, адамзаттық, жаратылыстық санаға көтерілуге шақырды. Ақын сондай-ақ шара қатысушыларының сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Іс-шара соңында әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің директоры Рақымберді Жетібай кездесу кешінің қонағы Мұратхан Шоқанға университет атынан сый-сыяпат көрсетті.
«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы |