қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.11.2024

Ректордың Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің студенттерімен кездесуі


2024 жылдың 13 қарашасында ректор Болат Тілеп Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультетінің студенттерімен ашық форматта кездесу өткізіп, университеттегі инфрақұрылымды дамыту және оқу жағдайларын жақсарту бойынша өзекті мәселелерді талқылады.


Кездесу барысында университеттің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа оқу ғимараттары мен спорт кешенін салу, аудитория тапшылығы мәселесін шешу және студенттердің бос уақытын өткізу орындарын ұлғайту сияқты өзекті тақырыптар қаралды. Сондай-ақ цифрландыруды жетілдіру және жасанды интеллект сияқты жаңа курстарды енгізу, асханалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және белсенді және шығармашыл студенттерді қаржылай қолдау, олардың халықаралық және республикалық жобаларға қатысуы, академиялық ұтқырлық бағдарламаларының мүмкіндіктері, әлеуметтік жағдайларды жақсарту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері талқыланды.


Болат Тілеп университеттің инфрақұрылымын дамыту шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті. Университетте оқу үрдісін жетілдіру және білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Кездесу соңында ректор студенттерге академиялық, әлеуметтік және инфрақұрылым бағыттарында туындайтын мәселелер бойынша жұмыс жоспары әзірленетінін және университет қызметіндегі мәселелер жүйелі түрде шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, студенттерді университет өміріне белсенді қатысуға, оның дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға шақырды.


Ашық форматтағы кездесу нәтижелі өтті. Студенттер сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=