Главная
Новости
14.11.2024 Музыкалық білім және хореография кафедрасындағы тренинг 2024 жылдың 14 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасында «6В11102 Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенттері үшін тренинг ұйымдастырылды. Тренингті Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Арай Рахмет жүргізді.
Өнер академиясында актер шеберлігі, музыкалық драма және мюзиклден дәріс беретін Арай Рахмет студенттерге көптеген құнды деректерді көрсетіп, олардың білім көкжиектерін кеңейте түсті. Көрсетілген техникалық жаттығуларға қызығушылық өте жоғары болды. Аталмыш тренинг студенттердің кәсіби шеберліктерін арттыруға, яғни мотивизацияны күшейте түсуге бағытталды.
|