қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.11.2024

«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы


2024 жылдың 6 мен 13 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен қауымдастырылған профессор Гулбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық бағыты бойынша «6В01801-Әлеуметтік педагогика», «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» «6В090200-Туризм» мамандықтарының ерікті-студенттері «Жақсылық жолымен» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты - Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті тренажерлерді сатып алуға және 42 жастағы Қамшыбек Койчугуловтың Қытай елінде ем алуына (омыртқаның ауыр жабық жарақаты) қаражат жинау үшін әлеуметтік-педагогикалық қолдау және қаржылық көмек көрсету.

 

Шара өткізу идеясы 2024 жылдың 6 қарашасында Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Райымбек Пірәлі, Мәдениет және шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Меруерт Таджибай, Педагогика және психология факультеті деканының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Елмұрат Құрманғалидың қатысуымен Педагогика және психология факультетінде бастау алып, университет факультеттерінің бірлесе атсалысуымен өткен қайырымдылық жәрмеңкеге ұласты.

 

Іс-шараға университет ұжымы, Педагогика және психология, Математика, физика және информатика, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары белсенді қатысты.

 

 «Мейірім» еріктілер клубы қолдауға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуге ұмтылған барлық мейірімді жандарға шын жүректен алғыс білдіреді. 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы