қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
14.11.2024

Абай университеті мен Кентау қалалық білім бөлімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

                

 

Меморандумның мақсаты - білім беру саласын дамытуға, педагогтардың біліктілігін арттыруға және ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бағытталған әріптестікті нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

 

Меморандум бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, конференциялар мен семинарларға қатысу, тәжірибе және ақпарат алмасу сияқты бірқатар негізгі бастамаларды қамтиды. Бұл бастамалар жетекші педагогикалық жоғары оқу орны мен Кентау қаласының білім беру мекемелері арасындағы өзара байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Кездесу барысында Абай университетінің академиялық қызметі жөніндегі проректоры Бану Нарбекова мен Кентау қаласының Білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараға Кентау қаласының білім беру мекемелерінің өкілдері: Бақытжан Әділбеков, Айгүл Мәжкүлбекова, Ғазиза Қалышбетова, Фарида Сапарбаева, Гүлжанахан Тәжімбетова, Рүстем Шлекей, Бахрам Мирзаев, Айгүл Арыстанбекова, Назгүл Баршабекова, Айсұлу Сейдалиева, Шахиста Саданова мен Ғабдулла Гамурзаков қатысты. Екі тараптың өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.

 

Проректор Бану Нарбекова жаңа формациядағы педагог кадрларды даярлау және мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытындағы бастамалар мен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

 

«Бұл меморандум университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Мемлекет басшысының Жолдауында мектептердің білім беру әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқаратын білікті мамандардың маңыздылығына баса назар аударылып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажеттігі айтылды. Педагог мамандығының мәртебесін көтеру үшін тек терең білім ғана емес, сонымен қатар үнемі даму, білім беру ортасындағы өзгерістерге дайын болу маңызды. Педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласындағы ынтымақтастығымыз нақты әрі оң нәтиже беретініне сенімдіміз», - деді проректор.

 

Ынтымақтастық аясындағы бастамаларды жүзеге асыру білім сапасын дамытуда және өңір үшін жаңа білім беру мүмкіндіктерін құруда маңызды қадам болмақ.

 

 

14.11.2024

Ақпарат көзі: aikyn.kz