Главная
Новости
21.11.2024 2 курс докторантының ашық сабағы 2024 жылдың 19 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 2 курс докторанты Жазира Кумисбекова «Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі» пәні бойынша №10 практикалық сабақта қарастырылған сипаттау мәтіндерін құрастырудың ерекшеліктері, таңдаған тақырыпта (жанды және жансыз затқа) екі сипаттамалық мәтін құрастыру, оқушыларға сипаттау тәсілін меңгертуге бағытталған тапсырмалар жүйесін дайындау тақырыптары негізінде ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты - сипаттау мәтінін, оны құрастырудың ерекшелігін, қызметін, түрлерін, сипаттау тәсілін айқындау. Сабақ барысында 10,20,30,40 балдық жүйе арқылы 3 ұяшыққа бөле отырып балдың үлес салмағына байланысты тапсырмалар құрастырылған. Ашық сабақта «Өрнекті ой», «Шиыршық» әдістері, «Ой талқы» тұлғалар сөйлейді, суреттер сөйлейді, сөздерге ассоциация құрастыру сынды тапсырмаларды орындау арқылы студенттерді жылдамдыққа, тез ойлануға, сауатты жауап беруге баули отыра студенттердің қызығушылығын арттырды.
|