қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.11.2024

«Отбасы құндылықтары» психологиялық семинары

 

2024 жылдың 27 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында студенттермен психологиялық семинар өтті.

 

Кездесудің мақсаты - студенттерге отбасы құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру, отбасы мен жеке тұлға арасындағы үйлесімділік пен байланысқа назар аударту және жастарға отбасы қарым-қатынастарының психологиялық аспектілері туралы түсінік беру болды. Бұл шара арқылы студенттерге отбасы мүшелері арасындағы түсіністік, сыйластықтың, сондай-ақ отбасы жағдайындағы қиындықтар кезінде қолдау көрсету туралы нақты кеңестер беріліп, тәжірибелік мысалдар айтылды. Семинарды спикер практик-психолог, магистр Ұлболсын Төребекқызы жүргізді. Студенттер семинардан отбасы құндылықтары туралы жаңа, пайдалы ақпараттар алып, шара соңында өз пікірлерімен бөлісті.

 

Кездесуге Сорбонна-Қазақстан институты мен Тарих және құқық факультетінен 50-қа жуық студенттер қатысты.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі