қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.11.2024

Абай университетінің докторанттары халықаралық ғылыми конгреске қатысты

 

2024 жылдың 21-24 қарашасында Евразиялық білім беру кәсіподақтарының халықаралық бірлестігі (UAESEB) ұйымдастырған V Түркі әлемінің білім беру (гуманитарлық) және әлеуметтік ғылымдарының халықаралық конгресіне Абай атындағы ҚазҰПУ «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары Жансая Сержанқызы мен Камшат Айдарханова қатысты. Конгресс Ыстамбұл қаласында (Түркия) өтті және гуманитарлық ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаң болды.

 

Конграсс барысында Жансая Сержанқызы «Қазақ тілін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады. Оның зерттеуі қазіргі заманғы оқыту технологияларының артықшылықтарын атап көрсетіп, білім беру процесінде цифрлық ресурстардың қолданылуының тиімді жолдарын талқылады.

 

Камшат Айдарханова өзінің «Диалогтің лингвистикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында тіл білімінің маңызды аспектілеріне тоқталып, диалог құрылымындағы лингвистикалық және прагматикалық ерекшеліктерді жан-жақты талдап берді.

 

Халықаралық ғылыми конгрестің басты мақсаты - гуманитарлық ғылым саласының жетекші мамандары мен жас зерттеушілерінің іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылау, ғылымды дамытудағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ осы бағыттағы зерттеулердің жаңа перспективаларын анықтау.

 

Конгресс барысында қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасып, ғылыми пікірталастарға белсенді қатысты. Әрбір баяндама тыңдаушылар тарапынан қызу талқыланып, қатысушылардың ғылыми ізденістеріне серпін берді.

 

Конференция жұмысының қорытындысында Сержанқызы Жансая мен Айдарханова Камшат жоғары деңгейдегі ғылыми-зерттеу қызметтері үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. Бұл жетістік жас зерттеушілердің ғылымға қосқан үлесін ғана емес, сонымен бірге олардың болашақтағы зерттеулерге деген ынтасын одан әрі арттыра түседі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=