қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.11.2024

Абай университетінің студенттері «Үздік бизнес-жоспар 2024» конкурсының жүлдегерлері


2024 жылдың 20 қарашасында Санкт-Петербург Гуманитарлық университетінің Алматы филиалында «Үздік бизнес-жоспар 2024» конкурсы өтті. Конкурс студенттердің инновациялық идеяларын және бизнес-жобаларды әзірлеу тәсілдерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

 

Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауыш білім бизнес-инновациямен» бағытының 2-курс студенттері қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, креативтілігін және кәсіби біліктілігін көрсетті. Конкурс нәтижелері бойынша Нұр-ай Абдрахимова, Әсел Курқанбек және Камилә Сұлтанова 2 орынға, ал, Кристина Граммтикопуло, Нұбара Амитова және Сабина Есполова 3 орынға ие болды. Олар ұсынған бизнес-жоспарлар өзектілігімен, инновациялық және үлкен дайындығымен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

 

Аталған жетістіктері үшін студенттер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Мұндай марапаттар тек жағымды естелік қана емес, болашақта кәсіби деңгейде жаңа белестерді бағындыруға ынталандыру болып табылады.

 

Бастауыш білім беру кафедрасы бірнеше жыл бойы «Бастауыш білім бизнес-инновациямен» білім беру бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді. Бүгінде кафедраның оқу жоспарына «Экономиканы зерттеу әдістері және кәсіпкерлік» пәні енгізілген. Пән аясында кафедраның аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Әсел  Қазиева студенттерге конкурсқа қатысу мүмкіндігі туралы хабарлап, олардың жоғары деңгейдегі дайындығына ықпал етіп, өз ақыл-кеңесімен бөлісіп отырды.

 

Сонымен қатар студенттердің аталған конкурсқа қатысуына тағы бір қолдау білдірген оқытушы - Әсел Ақпаева. Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті, эмоционалды тұрақтылық және тұлғааралық өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруда «Бастауыш білім психологиясы, өзара әрекеттесу және коммуникация» пәні маңызды рөл атқарады. Пәнді кафедраның профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Әсел  Ақпаева жүргізеді. Пәнді оқу болашақ педагогтарға ұжыммен және оқушылармен тиімді өзара әрекеттесуді құру, сондай-ақ білім беру тәжірибесінде психологиялық әдістерді қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

 

Мұндай конкурстарға қатысу студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамытуға, алынған білімді практикада қолдануға және өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар педагогика, психология және кәсіпкерлік саласындағы кәсіби білімдердің интеграциясының маңыздылығын көрсетеді.

 

Біз студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және олардың білім беру және кәсіби қызметінде жаңа жетістіктерге жетулерін тілейміз!

 

Конкурс нәтижелері туралы ақпарат үшін жауапты: педагогика ғылымдарының кандидаты, бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Әсел Ақпаева және заң кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Әсел Қазиева.

 

  alt=