Главная /
СМИ о нас
26.11.2024 Абай университеті Гонконг Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтуда
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп Гонконг Қытай университетінің (CUHK) өкілдерімен кездесті. Басқосу CUHK білім беру факультетінің базасында ҚазҰПУ ректоры мен білім беру факультетінің деканы, профессор Fan Xitao және білім беру басқармасы кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ CUHK университеттері мен мектептері серіктестік орталығының директоры, профессор Cheung Chi-keung Ala-мен арасында өтті.
Гонконг Қытай университеті (CUHK) - білім беру, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, сондай-ақ озық технологиялар саласындағы мықты позицияларымен танымал. Университеттің халықаралық ынтымақтастық пен инновациялық зерттеулерде тәжірибесі мол.
Кездесу барысында тараптар ҚазҰПУ мен CUHK арасындағы жемісті ынтымақтастық туралы келісімге келді. Қос тарап арасында алдағы уақытта - студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін бірлескен жазғы мектептерді ұйымдастыру және өткізу жайы қолға алынатын болады. Бұл екі елдің студенттеріне тәжірибе алмасуға, ой-өрісін кеңейтуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ университет ректоры Болат Тілеп Гонконг білім беру университетінің (EdUHK) 30 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатқа қатысты. Гонконг білім беру университеті (EdUHK) - Гонконгтағы педагогика мен білім беруді зерттеуге бағытталған жетекші университеттердің бірі. EdUHK өзінің инновациялық оқыту тәсілдерімен, оқытудың жоғары деңгейімен және Гонконгта және одан тыс жерлерде білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесімен танымал.
Гонконг-Қазақстан білім академиясын құру білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама тұрақты білім беру тәжірибелері туралы жаһандық пікірталастарға елеулі үлес қоса отырып, екі елде де тәжірибе алмасуға, инновациялық әдістемелерді дамытуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етуге көмегін береді. Осы мақсатта Гонконг-Қазақстан білім Академиясын құруды бекітетін ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімі болып өтті. Бұл өз кезегінде екі ел арасында ғылым, білім беру және тәжірибе алмасу саласындағы озық зерттеулерді ілгерілету алаңына айналатын болады.
26.11.2024 Ақпарат көзі: oninfo.kz |