Главная /
СМИ о нас
31.01.2018 Сорбонна-Қазақстан институтында пікір алмасу алаңы
Жақында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан Институты осымен екінші рет ауқымды халықаралық іс-шарасын «Ой-пікірлер түні - 2018» өткізді. Аталмыш басқосуға Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Француз Альянсы қатысты. Бұл шара Француз институтының бастамасымен іске асатын жыл сайынғы жаһандық жобаның бірі болып табылады.
Жыл сайын әр елдің жүзден астам мекемелері, Жапониядан бастап АҚШ-қа дейін, бес құрлықта қазіргі заманғы маңызды мәселелерді талқылауға зияткерлердің, ғалымдардың, суретшілер және әртістердің, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің басын қосатын жақсы дәстүр қалыптасқан. Пікірталас кездесулерін бақылауға және қатысушыларға белгілі бір уақыт ішінде сұрақ қоюға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар көмегімен ортақ тақырыппен пікір алмасуға мүмкіндік туады. Биыл Алматыда «Ой-пікірлер түнінде» студенттермен және көрермендермен тікелей және интернет желісінде онлайн-көрсетілім арқылы өзекті мәселелерді талқылау және пікір алмасу мақсатында Франция мен Қазақстанның өнер қайраткерлері, қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілер, сәулетшілер, пікірталас шеберлері және журналистер ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан Институтының қабырғасында кездесті.
Пікірталас үш кезеңнен тұрды. Бірінші сессиясы сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін студенттік конкурс негізінде «Пікірталастар мектебі» тақырыбында ұйымдастырылды. Конкурсқа алдын ала іріктеуден өткен Алматы қаласының Француз альянсы және Сорбонна-Қазақстан Институтының бакалавриат және магистратура студенттері қатысты.
Дауыс беру жолымен пікірталасқа қатысуға іріктелген студенттер мен магистранттарға «Қалалық нысанының меншік иесі архитектуралық шешімдер қабылдауда еркіндікке ие» тақырыбы таңдалды. Қазылар алқасының шешімі мен көрермендердің арнайы Whatsapp нөмері арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған жеңімпазға конкурс демеушілерінің бірі Air Astana әуе компаниясынан Астана-Париж-Астана бағыты бойынша тегін билет берілді.
Қазылар алқасының құрамында Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулының өкілдері, пікірталас пленарлық сессияларының қатысушылары, UrbanTalks платформасының өкілдері бар. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Пікірталастар мектебінің» жүлдесін Жанар Каріпбекова, Азамат Жайлаубаев, Арайлым Қалиева, Алия Ақпаева бастаған №1 команда өкілдері жеңіп алды, ал бас жүлде Арайлым Қалиеваға табысталды.
Пленарлық пікірталастың екінші сессиясына тарихшы, Шығыс тілдері және өркениеттері ұлттық институтының (INALCO) халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Анн Гринберг, Париж-Дидро Университетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Антуан Казе, Сорбонна-Қазақстан Институтының ғылыми-зертеу қызметін үйлестіруші Лаура Тұрарбек, сәнгер Айка Әлемі қатысты. Кездесудің модераторы Францияның Орталық Азияны зерттеу институтының (IFEAC) директоры Катрин Пужоль болды. Қатысушылар қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін талқылады. Пікірталастар француз тілінде жүргізіліп, қазақ және орыс тілдеріне синхрондық аударма жасалды.
Үшінші пленарлық пікірталастың сессиясы «Биліктегі қиял: қаланы өзгертудегі экологиялық пікірлер» тақырыбында өтіп, қазіргі заманғы урбанистикаға қатысты өзекті мәселелерді талқыланды. Бұл тақырып бойынша пікіралмасуды Францияның Орталық Азияны зерттеу институтының (IFEAC) директоры Катрин Пужоль, әлеуметтік ғылым саласын зерттеуші, CERI-SciencesРo Адриан Фов, «Forbes Kazakhstan» журналының қазақстандық бизнес бойынша редакторы Ардақ Букеева, өнертанушы, көрмелердің тәлімгері Валерия Ибраева, Табиғи тарих мұражайының құрметті президенті Жиль Бёф, Urban Talks платформасының негізін қалаушы Анель Молдахметова қыздырды.
Авторы: Римма Жанбаева 31.01.2018 ж. Ақпарат көзі: dalanews.kz
|