Главная
Новости
13.12.2024 Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен ынтымақтастық келісім-шарты жасалды 2024 жылдың 10 желтоқсанында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ және «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» КММ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Өзара тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық жобаларды жүзеге асыру және олардың сапасын арттыру мақсатында жасасқан меморандумға «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп пен «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» КММ басшысы Азиз Кажденбек қол қойды.
Аталған шараға әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, жастар ісі жөніндегі бөлімнің басшысы Райымбек Пірәлі мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.
Әріптестіктің негізгі мақсаты - шығармашылық әлеуетті дамыту, инновациялар мен идеяларды қолдау, кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында мамандар арасында тәжірибе алмасу. Материалдық, зияткерлік пен технологиялық ресурстарды біріктіріп, шығармашылық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ортақ алаң құруды көздейді.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен ынтымақтастық Абай университеті студенттерінің шығармашылық әлеуетін дамытып, бірлескен қызмет арқылы өзара тәжірибе алмасу алаңына айналатынына сенім білдіреміз.
Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент |