Главная
Новости
12.02.2018
Жастардың ғылыми әлеуетін көтеру басты мәселе
2018 жылдың 8 ақпаны күні университет магистранттары мен докторанттарының әлеуметтік жағдайы, оқу үдерісімен танысу мақсатында университет ректоры профессор Такир Балықбаевтың болашақ жас ғалымдармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ректор «Қазіргі уақытта университетте ғылыми бағыттағы жасалып жатқан оңтайлы мәселелерге ерекше назар аударылуда, соның ішінде ғылыми әлеуетті күшейту, жас ғалымдарды ынталандыру, ғылымды қаржыландыруды жобалық жүйеге көшіру, өзге университеттермен тәжірибе алмасу, жас оқытушылар мен ғалымдарды барынша ауқымды ғылыми жобаларға тарту, әлемдік елдердің озық тәжірибелерін жинақтау үшін халықаралық дәрежелердегі жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту. Ғылым саласындағы мамандарды даярлау арқылы жаңа буынның жоғары зерттеу қабілеті бар, ғылыми инновацияларға ынталы жоғары білікті кадрларының жетіспеушілік мәселелері шешімін табады. Осы бағытта қазір жас мамандарымыздың талпынысына тиісті қолдау көрсету керекпіз. Сіздер -біздің болашағымыздың жалғасы, болашақ ғылым докторлары, білікті мамандарсыздар. Сол себепті біз сіздердің білім және ғылым жолындағы бағыттарыңызды, сонымен қатар туындаған мәселелерді біліп отыруымыз керек.» - деп, сөз кезегін сауалнамаға берді.
Жиын соңында Такир Балықбаев ғылыми ізденістері бағытында үлкен жетістікке жеткен жас докторанттар мен магистранттар алдағы уақытта оқу орнымызда жас маман ретінде жұмыспен қамтылатындығын, ғылым жолында барынша қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
|