Абай университетінің жас ғалымдарына пәтер сертификаттары табысталды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасында «Жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау - мемлекеттің міндеті» деп атап өткен болатын. Бұл бағдарлама дарынды ғалымдарды жайлы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды Қазақстандағы ғылымның дамуына және өркендеуіне өз үлестерін қосуға ынталандырады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай университетінің жас ғалымдары - «Математика және математикалық моделдеу» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Наурызбай Әділ мен «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының оқытушысы, PhD Тұңғыш Абыловқа пәтер сертификатын табыстады.
Бүгінде ғылым жолындағы жастарға мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп, ғылымның көкжиегін бағындыруға шексіз мүмкіндіктер берілуде. Атап айтатын болсақ, Жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландырулар, Халықаралық тағылымдамалар, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялар және т.б.
Жас ғалымдарды лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, ғылыми-зерттеу жолындағы жетістіктері еселеніп, нәтижелі жобаларды жүзеге асыруда табыстар тілейміз!