Главная
Новости
23.12.2024 Ғылыми-әдістемелік семинар 2024 жылдың 19-20 желтоқсан айында химия кафедрасының ғылыми әдістемелік семинары өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі: 1-2-3 курс докторанттары мен 1-2 курс магистранттарының жарты жылдық, жылдық есептері тыңдалды.
Химия кафедрасының ПОҚ барлық магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндамаларын тыңдап, өзекті сұрақтарын қойып толық талқылады. Докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен қатар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми басылымдарға жарияланған мақалалары мен тезистері туралы мәліметтер берді. Ғылыми-әдістемелік семинардың нәтижесі бойынша хаттама толтырылып, құжаттар тізіміне тіркелді.
|