қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.12.2024

«Стресстен тыныштыққа: ішкі балансты қалпына келтіру тәжірибесі» тақырыбындағы практикалық семинар


2024 жылдың 23 желтоқсанында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының докторы Ольга Тапалова және «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология» Білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты, медициналық емес бағыттағы психотерапевт, экзистенциялық анализ, логотерапия, тәнге бағытталған психотерапия және травмотерапия салаларының маманы Нұргүл Сүйіндікова Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларына арналған «Стрестен тыныштыққа: ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіру тәжірибесі» атты семинар өткізді. Бұл шара «Психологиялық қолдау орталығымен» бірлесе ұйымдастырылды.

 

Семинардың басты мақсаты - оқытушыларды қолдау, оларға стресс жағдайларын тереңірек түсіндіру, оны игеру механизмдерін үйрету және дене, ақыл-ой мен когнитивтік деңгейлерде ресурстар табуға көмектесу. Қатысушыларға стрессті еңсеруге, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге және өзін-өзі реттеуді дамытуға арналған заманауи психотехнологиялар ұсынылды.

 

Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде адамның биологиялық және психологиялық жағдайына стресстің әсері туралы ғылыми-танымдық ақпарат берілді. Бұл бөлім қатысушыларға стресске жауап ретінде организмде болатын өзгерістерді түсінуге мүмкіндік берді. Екінші бөлім практикалық жаттығуларға арналды. Қатысушылар денеге бағытталған техникаларды игеріп, оларды күнделікті өмірде қолдану тәсілдерін үйренді.

 

Семинар барысында теория мен практиканың үйлесуі арқасында тыңдаушылардың қызығушылығы арта түсті. Олар тек ақпарат алып қана қоймай, ішкі ресурстарын табуға және стрессті еңсеруге қажетті практикалық дағдыларды меңгерді. Қатысушылар тән, рух және ақыл-ой деңгейінде тепе-теңдікке қол жеткізу әдістерін үйренді. Семинар соңында оқытушылар бұл форматтағы шараларды жиі өткізуге ұсыныс айтты. Осындай тренингтер тек кәсіби өсуге емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосады деп атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=