Главная
Новости
19.02.2018 Педагогикалық мамандықтарға арналған білім беру бағдарламаларын дайындау
2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі «Білім» мамандықтары тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі мәжілісінің шешімін орындау мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде білім беру бағдарламаларын дайындайтын жұмыс тобы құрылған болатын.
Жұмыс тобы отырысына Қазақстан Республикасының 25 жоғары оқу орындарынан 61 өкіл, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 57, сонымен қатар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері қатысты.
Отырыстың алғашқы күні сөз сөйлеген оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаев өз сөзінде қазіргі заман талаптарына сай білікті мамандар дайындайтын оқу орындары үшін жаңартылған мазмұн негізінде білім беру бағдарламаларын дайындаудын маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа қатысушыларға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Алмагүл Мұхамедханова «Жаңартылған мазмұн жүйесі» баяндамасын, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Асхат Алимов «Орта білім беру мазмұнын жаңарту туралы» таныстырылымын ұсынды.
Жаңартылған мазмұн негізінде білім беру бағдарламаларын дайындаудың үш күндік жұмысыңың қорытындысы 17 ақпан күні мәресіне жетті.
Білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру үшін жұмыс тобы online режимінде 231 адамның қатысуымен іске асырылатын болды.
|