
Главная /
СМИ о нас
21.01.2025 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының төрағасы тағайындалды
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып Болат Әнапияұлы Тілеп тағайындалды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты ҚазҰПУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болат Тілеп - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректоры. Мемлекеттік қызметтерде, білім саласында мол тәжірибесі бар білікті ұйымдастырушы.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы өз сөзінде: «Филиал жұмысын одан әрі жандандырып, ана тіліміздің дамуына зор үлес қосады деген сенімдемін», - деді. Ол сондай-ақ ұзақ жылдардан бері филиал қызметін басқарып келген Құсман Шалабаевқа тілімізді өркендету жолындағы атқарған жұмысына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
21.01.2025 Ақпарат көзі: adym.kz |