Главная
Новости
07.03.2018
Құрметті ханымдар, қыздар, қымбатты әріптестер!
Сіздерді 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында қоғамымыздың барлық салаларындағы әйелдер қауымының рөлін ерекше атап өткім келеді. Нәзік жандылар ең жауапты міндеттерді атқара отырып, еліміздің қарқынды дамуына, ғылымда, оқытушылық қызметте және шығармашылықта өз үлестерін қосып, бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етіп келеді.
Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, елеулі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Сіздерге денсаулық, шексіз бақыт, сәттілік, береке-бірлік, жақсылық және еңбек жолында табыс тілеймін.
Құрметпен, ректор Такир Балықбаев
|