қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
18.08.2021

Құрметті талапкерлер және ата-аналар!

 

Оқу орнымызда құжаттар онлайн және офлайн режимде қабылданатынын еске саламыз. Сонымен қатар қабылдау кезеңінде бакалавр, магистратура мен докторантура бойынша виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Талапкерлерге арналған барлық қажетті ақпараттар университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында орналастырылған. Құжаттарды онлайн тапсыру үшін сілтемелер көрсетілген: https://univer.kaznpu.kz/abiturient_user/login/.

 

Қабылдау комиссиясында 50 техникалық хатшы жұмыс істейді. Әр институттан - 4-5 адамнан. Олардың барлығы талапкерлермен жұмыс істеу және оқуға қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар бойынша арнайы оқудан өткен.

 

Біздің университет үшін ең алдымен сіздердің қауіпсіздіктеріңіз бен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі маңызды.  Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, ең алдымен, қорғаныс құралдарының болуы және қажетті қашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланады. Қабылдау комиссиясының ғимаратына кіру талапкердің өзі, оның ата-анасы немесе басқа алып жүрушісі болғанына қарамастан, тек «Ашық» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бұл қауіпсіздік талаптары.

 

Құжаттарды қабылдауға қатысты. Біз құжаттарды тек әрбір талапкер танысқан құжаттар тізімі негізінде қабылдаймыз. Биыл талапкерлер үшін құжаттарды онлайн-режимде тапсыру үшін барлық жағдай жасалған. Бұл неғұрлым ыңғайлы және қауіпсіз әдіс.

 

Талапкерлерді құжаттарды алдын ала дайындауға шақырамыз. Сонымен қатар, бізде виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді, құжаттарды онлайн тапсыру тәртібі бойынша ақпарат жалпыға қолжетімді.

 

Бакалавриат бойынша виртуалды қабылдау комиссиясы

 

Магистратура және PhD докторантура бойынша виртуалды қабылдау комиссиясы

 

Өкінішке орай, пандемия құжаттарды қабылдау үрдісін қиындатады. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан біз сіздерді университетімізге қарсы алғымыз келеді. Сіздерді жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің қатарынан көреміз деп үміттенеміз.

 

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл болашақта жақсы қарым-қатынас орнатуға негіз болатынына сенімдіміз.