қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
23.02.2015

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өнер,мәдениет және спорт институты

Музыкалық білім және хореография кафедрасы

    

Ақпараттық хат

            Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Өнер,мәдениет және спорт институты, музыкалық білім және хореография кафедрасының базасында «5В010600-Музыкалық білім», «Негізгі музыкалық аспап» (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз)  мамандықтары бойынша YII-ші Республикалық пәндік студенттік олимпиадасын өткізеді. Олимпиада 06-07 сәуір 2015 жылы Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде (Абай атындағы ҚазҰПУ) өтіледі.

            Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орынында «5В010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша 1-4 курста  оқитын студенттерді ұстаздарының басшылығымен қатысуға шақырамыз.

            Олимпиадаға қатысу өтінішін 05-наурыз 2015 жылға дейін төмендегі көрсетілген e-mail: kamar.sulu@mail.ru немесе мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз: 050008, Алматы қаласы,Уәлиханов қөшеші 64, Өнер,мәдениет және спорт Институты, музыкалық білім және хореография кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2-ші корпус.

            Ақпараттық байланыстар:

Тел.8(727)293-87-73 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің музыкалық білім беру кафедрасы;

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы: Нәрікбаева Лора Мақсұтқызы, п.ғ.д. профессор, каф.мең. тел.87013148364;

Төрайымның қостаушылары: Бәрібаев Сәбен Бәрібайұлы, ҚР «Мәдениет қайраткері» доцент. тел.87052092904; 87013043616.

Ыбыраева Қамарсұлу Ершатқызы; п.ғ.к. доцент. тел.87789783505; kamar.sulu@mail.ru

Қатысу шарттары:

Республикалық студенттік олимпиада өткізу талабының жағдайы бойынша мәлімдеме беру үшін (e-mail, сканер арқылы, түпкілікті құжаттарыңызды өздеріңізбен бірге алып келулеріңізді) және қатысушылардың келесі құжаттарын жіберулеріңізді сұраймыз.

-Мәлімдеме (қатысу мәлімдеме формасы 1-ші қосымшада көрсетілген);

-Олимпиадаға қатысушылардың алдынала ріктеу кезенінің қортындысы тұралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаты;

-Жоғарғы оқу орынының Ғылыми кеңесінің студенттерді Республикалық пәндік олимпиадаға қатыстыруға жіберуі тұралы протоколының көшірмесі;

-Жеке күәлігінің көшірмесі;

-Студенттік құжаттар талабына сәйкес толтырылған және мөр қойылған сынақ кітапшасымен, студенттік билетінің көшірмесі;

            Мәлімдеме және қатысушылар тізімі алдынала жіберілмеген және көрсетілген уақыт мерзімінде кешігіп келген жағдайда құжаттар қабылданбайды.

Шет жерден келген қатысушылардың тұрақтану және тамақтану шығының өздері жіберген жоғарғы оқу орынының есебінен қаржыландырылады.

Көшірме 1

Мәлімдеме

Мені «5В010600- Музыкалық білім» мамандығы негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян, аккордеон, домбра, қобыз) күндізгі бөлімінде оқитын студенттер арасында өтетін  7-ші Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға қосуларыңызды сұраймын.

Студентке арналған тіркелу формасы

1.Аты-жөні, тегі (толығымен)______________________________________________

2.Курсы________________________________________________________________

3.Жоғарғы оқу орыны_____________________________________________________

4.Факультеті____________________________________________________________

5.Кафедрасы_____________________________________________________________

6.Мамандығы____________________________________________________________

7.Негізгі музыкалық аспабы_________________________________________________

8.Тұратын жерінің мекен жайы_______________________________________________

9. Телефондары____________________________________________________________

10.E-mail__________________________________________________________________

11.Керекті техникалық құралдыры (иә, жоқ, кандай)_______________________________

12.Бірінші турдың бағдарламасы (авторы, шығарманың аттары)_________________________ _______________________________________________________________________________

Маған қонақ үй қажетт:

1.Иә

2.Жоқ

Оқытушыларға арналған тіркелу формасы

1.Аты-жөні, тегі (толығымен)________________________________________________

2.Жоғарғы оқу орыны_______________________________________________________

3.Факультеті______________________________________________________________

4.Кафедрасы______________________________________________________________

5.Мамандығы______________________________________________________________

6.Музыкалық аспабы ________________________________________________________

7.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________________

8.Атқаратын қызметі _______________________________________________________

9.Тұратын жерінің мекен жайы_______________________________________________

10.Телефондары____________________________________________________________

Маған қонақ үй қажетт:

1. Иә

2. Жоқ

Мен мастер-класс өткізуді ойластырудамын:

1. Иә

2. Жоқ

Жатын орынының керектігін (тұрақтану және тамақтану қаражаты өз есептеріңізден болатындықтан) соны тура көрсетулеріңізді өтінеміз.

Көшірме 2

 

Негізгі музыкалық аспап (фортепиано, баян-аккордеон, домбыра, қобыз) пәні бойынша 7-ші Республикалық студенттердің олимпиадасының бағдарламасы және өткізу тәртібі.

Өткізу мерзімі: 2015  жылдың 06-07 сәуір

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы  Қазақ  Ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институты, музыкалық білім және хореография кафедрасы.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ  Ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институты, музыкалық білім және хореография кафедрасы.

Олимпиаданың мақсаты: Болашақ музыка ұстаздарының арасында - шығармашылық  ой-өрісіның мүмкіндігін кенінен ашып, аспапта орындаушылық  шеберлігін арттыру.

Олипиадаға қатысушылар: ҚР жоғарғы  оқу орындарының  «5В010600-Музыкалық білім мамандығы» бойынша оқып жүрген 1-4 курс күндізгі бөлім студенттері.

            Әрбір жоғарғы оқу орынынан қатысушылар саны: 1-4 адамнан аспау керек.

            Олимпиаданың  өткізу кезеңдері:

Іріктеу туры (жергілікті жоғарғы оқу орындарында өткізіледі). 

I-II тур Абай  атындағы Қазақ Ұлттық  педагогикалық университетінде  06-07.04.2015 жыл аралығында  өткізіледі.

Олимпиадаға қатысушыларының келуі-05.04. 2015 ж., қайтуы- 07.04. 2015 ж.

Барлық жетекшілердің өздерімен бірге командировкалық күәліктері болуы қажет.

Олимпиадаға қатысу өтініші 2015 жылдың 05-ші наурызына  дейін қабылданады.

 

Олимпиаданың  өткізу  шарты

 (Аспапта орындау шеберлігін көрсету)

I тур

06.04.2015ж.

 

Фортепиано, баян-аккордеон

1.Шетел,орыс композиторларының классикалық немесе аспапқа арнайы лайықталып жазылған  вариациялық формадағы шығармаларды орындау.

2.Қазақстан композиторларының немесе  қазақ ән-күйлерінен аспапқа өңделінген (лайықталған) шығармаларды орындау.

Домбыра

1.Аталған шығарманың  біреуін (аспаптық сүйемелдеумен) орындау. (А.Жайымов «Шалқыма», В.Калинкин «Фантазия»,Е.Үсенов «Шәмші дастан», С.Бүркітов «Отрар туралы поэма», Қ.Ахмедьяров «Арпалыс», Е.Үсенов «Маусымжан».

2.Екі күй (1-төкпе,1-шертпе) орындау. 

 

Қобыз

1.Аталған шығармаларды аспаптық сүйемелдеумен орындау.

(А. Вивальди «Концерт.», Г,Рединг «Концерт», К.Күмісбеков «Концерттік пьеса», А.Жұбанов «Жез киік», Қ.Тастанов «Алтай аясында» т.б.

2.Күй орындау.  

II-тур     

07.04.2015ж

Фортепиано, баян-аккордеон, домбыра, қобыз

1.Мектеп әнін фортепиано немесе баян-аккордеон аспабымен өз сүйемелдеуінде   орындау (Қазақ және орыс тілінде жазылған әндер тізімі қосымша бетте ұсынылады).

2.Қатысушының 1 турда өзі орындаған бір шығармасының  презентациясы - 7-10 минут (мультимедиялық техникалық құралдарын пайдалануға болады).

II-турға арналған мектеп әндерінің тізімі (II-тур)

Фортепиано аспабы бойынша:

1.«Айгөлек» муз. Б. Байқадамовтікі, сөзі. Н.Баймұхамедовтікі

2 «До,ре,ми,фа,соль» муз. А.Островскийдікі, сөзі З.Петрованікі 

3. «Қаздарым» муз. Е.Умировтікі, сөзі Е.Елубаевтікі

4. «Кел, билейік» муз.Б.Байкадамовтікі, сөзі М.Алимбаевтікі  

5. Жас дәуірдің түлегіміз. Муз.И.Нусипбаевтікі, сөзі Е.Өтетлеуовтікі

6. Домбыра сазы. Муз. И.Нусипбаевтікі, сөзі Х.Талғаровтікі

7. «Дождик» муз. Е. Филиппованікі, сөзі. З. Александрованікі

8. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» муз. Н.Тлендиевтікі, сөзі.М.Мақатаевтікі

9. «Хлопай в такт» муз. Дж. Гершвиндікі, сөзі. А. Гершвиндікі

10.«Песня о картинах» муз. Г. Гладковтікі, сөзі. А. Кушнердікі

11.«Ақша қар» муз. Е. Өміровтікі, сөзі. К. Жәленовтікі

12.«Дорога добра» муз. М. Минковтікі, сөзі. Ю. Энтиндікі

13.«С нами друг» муз. Г. Струвенікі, сөзі. Н. Соловьевтікі

14.«Менің Қазақстаным» муз. А. Сағатовтікі, сөзі. А.Бабаевтікі

15.«Песенка - чудесенка» муз.М. Протасовтікі, сөзі. А.Кондратьевтікі

 

Баян-аккордеон аспабы бойынша:

1.«Веди меня, дорога». Муз. Ю.Чичковтікі, сөзі Ю. Полухиндікі

2.«Мектеп әні». Муз. М.Манғытаевтікі, сөзі Т.Молдағалиевтікі

3.«Аман болшы анашым». Муз. Б.Қабиеванікі, сөзі О.Әубәкіровтікі

4.«Елтаңбасы елімнің». Муз. Д.Омаровтікі, сөзі С.Қалиевтікі

5.«Ұланы еркін елімнің». Муз. және сөзі Т.Қоңыратбаевтікі

6.«Жас ұлан». Муз. С.Ашимовтікі, сөзі С.Әлімқұловтікі

7.«Ана тілін сүйеміз». Муз. К.Дүйсекеевтікі, сөзі Ш.Сариевтікі

8.«Қоңырау». Муз. және сөзі А.Меңжанованікі

9.«Жаса, Қазақстан!» Муз. С.Ашимовтікі, сөзі Ж.Маханбетованікі

10«С нами друг».Муз Г.Струве, сөзі Н.Соловьевтікі

11.«Песенка про книжки». Муз.Т.Потапенко,сөзі Н.Найденованікі

12.«Учиться надо весело». Муз. С.Сосниндікі, сөзі К.Ибряевтікі

13.«Жас дәуірдің түлегіміз». Муз.И.Нусипбаевтікі, сөзі Е.Өтетлеуовтікі

14.«Солнечная капель». Муз. және сөзі С.Сосниндікі

15.«Домбыра сазы». Муз. И.Нусипбаевтікі, сөзі Х.Талғаровтікі

 Домбыра, қобыз аспаптары аспабы бойынша:

1.«Көкек». Муз. К.Шілдебаевтікі, сөзі И.Исаевтікі

2.«Жан сырым». Муз. Е. Өміровтікі, сөзі Х.Талгаровтікі

3.«Ақша қар». Муз. Қ.Қуатбаевтікі, сөзі А.Тоқмағамбетовтікі

4.«Жас дәуірдің түлегіміз». Муз.И.Нусипбаевтікі, сөзі Е.Өтетлеуовтікі

5.«Туған жер». Муз. К.Дүйсекеевтікі, сөзі Ш.Сариевтікі

6.«Домбыра сазы». Муз. И.Нусипбаевтікі, сөзі Х.Талғаровтікі

7.«Қазақы дастарханым». Муз. М.Ильясовтікі, сөзі Ж.Боранбаевтікі

8.«Елім менің». Муз. Б.Тлеухановтікі, сөзі Н,Назарбаевтікі

9.«Атамекен». Муз.Е.Хасангалиевтікі, сөзі Қ.Мырзағалиевтікі

10.«Менің  Отаным» муз. Ө. Бәйділдаевтікі, сөзі  Б.Ысқақовтікі

11.«Қошақан». Муз.Ә.Бушукованікі, сөзі С.Жиенбаевтікі

12.«Көктем». Муз. К.Қуатбаевтікі, сөзі Ж.Сатибековтікі

13.«Жан сырым». Муз.Е.Умироатікі, сөзі х.Талғаровтікі

14.«Айгөлек» муз. Б. Байқадамовтікі, сөзі. Н.Баймұхамедовтікі

15.«Құттықтаймын мама, туған күніңмен» муз. Н.Тлендиевтікі,           сөзі.М.Мақатаевтікі

 

Қолдануға арналған ноталық әдебиеттер тізімі:

1 Гаук Л.Н. Яковлева И.Г. - Музыка. Нотная хрестоматия для 1 класса общеобразовательной школы. Алматы кітап баспасы, 2008 г.

2.Гаук Л.Н. Яковлева И.Г. - Музыка. Нотная хрестоматия для 2 класса общеобразовательной школы. Алматы кітап баспасы, 2009 г.

3.Гаук Л.Н. Яковлева И.Г. - Музыка. Нотная хрестоматия для 3 класса общеобразовательной школы. Алматы кітап баспасы, 2010 г.

4.Исағұлова А.Ш., Бегалиева Г.К. Концертмейстерлік класс №1. Алматы, 2005ж.

5.Исағұлова А.Ш., Бегалиева Г.К., Бәрібаева С.Б. Концертмейстерлік класс №2. Алматы, 2007ж.

6.Бәрібаев С.Б. Мектеп әндері. Алматы, 2014ж.

 

Бағалау өлшемдері:

 

I-ші тур

 

-Музыкалық шығармаларды орындау талаптары:

-Авторлық мәтінінің толық орындалуы;

-Техникалық жағынан жоғары дәрежеде орындауы, педальді, көрікті дұрыс қолдана білуі;

-Әртүрлі штрихтарды ырғақтық тура орындау;

-Орындаудағы шығарманың мазмұндық бейнесінің динамикалық айқындылығын,музыкалық жоғары тұрғыда жеткізілуі;

-Шығарманың мазмұндағы стилі мен бейнелігін түсіне отырып,көрсете білуі.

 

II-ші тур

Музыкалық шығармалардың презентациясының талаптары:

 

-Шығарманың туындау кезеңі мен жағдаяттарын білуі, композитор туралы қысқаша мәліметтер,шығармашылық тұлғасы,композитор мұрасындағы шығарманың маңыздылығы;

-Көркем мәнерлеу құралдарын ажырату (регистр, темп, динамика, лад, ритм, фактура және т.б.) және музыкалық бейне жасаудағы ролі;

-Шығарманың музыкалық драматургиясын аша білу, форма мен жанрлық ерекшеліктерін айқындау;

-Өнер мен әдебиеттер түрлерімен өзара интегративті (пәнарық) байланысты қолдануы (шығарманың стильдік, жанрлық ерекшелігі бойынша);

-Жалпы білім беретін мектептің «Музыка» оқу жоспарына еңген шығармалардың тәрбиелі, мүмкіндектерін ашу.

                  

Мектеп әндерін сүйемелдеудің талаптары:

 

-Өзі орындаған әнін сүйемелдей білу;

-Шығарманың динамикалық, ырғақтық, көркемдік тұтастығын көрсете білу;

-Дауыс координациясы мен сүйемелдеуі, дұрыс тыныс алуы, цензурдың нақтылығы, артикуляциялық айқындылық, техникалық, гармониялық және дыбыстық жағынан келтіретін қиыншылықтарды меңгеруі (штрихтар, педаль және т.б.)

-Сүйемелдеу партиясын еркін және көркем биязылықпен орындай білу.

 

Олимпиада жеңімпаздарын анықтау:

Олимпиада жеңімпаздары келесі балдық көрсеткіштер негізінде анықталады:

Бірінші тур екі шығарманың орындалуына - 50 балл

Екінші тур (презентация сайысына - 20 балл, мектеп әндерін орындау - 30 балл).

Бірінші орын - 90-100 балл аралығындағы көрсеткіш бойынша берііледі.

Екінші орын - 80-90 балл аралығындағы көрсеткіш бойынша берііледі.

Үшінші орын - 70-80 балл аралығындағы көрсеткіш бойынша берііледі.

 

Олимпиада қазылар алқасы жеңімпаздарды келесі дәрежедегі дипломдармен мадақтау ретін ұсынады:

I-ші орын -ҚР БҒМ-нің 1-ші дәрежелі дипломымен (бір студенттен ары емес)

II-ші орын -ҚР БҒМ-нің 2-ші дәрежелі дипломымен (екі студенттен ары емес)

III-ші орын -ҚР БҒМ-нің 3-ші дәрежелі дипломымен (үш студенттен ары емес)

 

Әділқазылар алқасының құрамы:

Әділқазылар алқасына Республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, білікті ұстаздармен, белгілі аспапта орындаушылар шақырылады.

 

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ