қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.01.2014

2013 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-де Түрік мемлекеттік Эрзинджан университетінің «Білім беру және мәдениет орталығының» салтанатты ашылуы өтті.


Орталықты ашуға Түрік мемлекеттік Эрзинджан университетінен бір топ делегация келді, делегаия құамында:

 

- Эрзинджан университетінің ректоры, профессор доктор Ильяс Чапоглы -Эрзинджан университетінің проректоры, профессор доктор Аднан Озел -Эрзинджан университетінің педагогикалық білім беру факультетінің деканы, профессор доктор Халил Коджа - «Білім беру және мәдениет түрік орталығының» директоры Йылмаз Огузхан болды.

 

Салтанатты рәсімге Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры, профессор Ермағанбетов М.Е., Филология және көптілді білім беру институтының директоры Аяпова Т.Т., Халықаралық байланыс басқармасының бастығы Абуева Н.А және Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

Салтанатты жиын басталарда Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Ермағанбетов М.Е және Түрік мемлекеттік Эрзинджан университетінің ректоры, доктор профессор Ильяс Чапоглы құтықтау сөздерін жеткізді.

Ұқсас оқу орталықтарды ашу және дамыту, халықаралық байланыстарды дамыту қажеттілігі айрықша айтылды, сонымен бірге осындай жобаларда өзара мүдделілікті айқындады.

 

Өз сөзінде білім беретін орталықты ашудың маңыздылығын Мубарак Ермағанбетов өзара үмітті айқындайтын, бірлескен жұмыс жемісті және ұзақ мерзімді болады деп сендірді.

Сабақтастықтың маңыздылығы туралы және Эрзинджан университетінің ректоры, профессор Ильяс Чапоглы Қазақстанның тұңғыш ЖОО-мен Түрік мемлекеттік Эрзинджан университетінің өзара тиімді әріптестікке қатыстылығын айтты.

Түрік мемлекеттік Эрзинджан университеті туралы деректі фильм көрсетілді.

Салтанатты жиын Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің сөз сөйлеуімен жалғастырылды. Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Қалиев Ақылбек «Білім беру және мәдениет түрік орталығының» ашылу құрметіне «Арнау» шығарды. Институттың студенттері «Балбырауын» күйін, қазақ биін, қазақ және түрік тілдерінде өлеңдер орындады.

Шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының шетелдік студенттерінің орындауында «Алматы түні» өлеңі қазақ тілінде шырқалды.

Сонан соң Түрік мемлекеттік Эрзинджан университетінің ректоры «Білім беру және мәдениет түрік орталығы» деген атауы бар тақташаны салтанатты түрде табыстады.

 

«Мәдениет және білім Түрік орталығының» алдында университеттердің жетекшілері лентаны салтанатты түрде қиды.

Содан соң филология және көптілді білім беру институттының директоры, профессор Аяпова Т.Т және Орталықтың директоры Йылмаз Огузхан сөз сөйледі.

Сайтқа жіберетін мәліметті шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары Балгазина Б.С., Нурахунова Г.М., Оналбаева А.Т. дайындады.