қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
19.03.2018

STEM-парк: Ұстаздарды креативті білім беруге дайындау қажет

 


 

Креативті көзқарас және қалыптан тыс ойлау қабілетін дамыту.

 

Жаңа технологияларды қолданысқа енгізіп, осы дағдыларға жас мамандарды үйрету. Осы және өзге де мәселелер Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық STEM-парк» халықаралық семинарында талқыланды.

 

Мамандардың айтуынша, STEM-паркты білім беру үдерісімен сабақтастыру оқушылар мен студенттерге ақпараттық технологиялар және робототехника мамандықтары бойынша сапалы білім беруге септігін тигізеді. Бірақ оқытушылардың біліктілігін арттыру да өте маңызды. Ұйымдастырушылардың болжамынша, «Педагогикалық STEM-парк» ғалымдар мен оқытушылардың өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп тұруына ықпал етеді.

 

Бекболат Медетов, Абай атындағы ҚазҰПУ STEM-технологиялар бойынша зертханасының қызметкері:

 

- Робототехниканы бізде Қазақстанда оқу жүйесіне, жалпы экономикаға енгізу үшін бізге осы бағытқа арналған арнайы мамандарды дайындау қажет. Ол мамандарды әрине, мектептен бастап дайындау керек, тек қана университет емес. Сондықтан университеттің және біздің лабораторияның алдыға қойып жатырған ең негізгі мақсаты - осы оқу процессін дайындау. Оқу программаларын дайындау.


Сергей Григорьев, РББА корреспондент-мүшесі:

 

- STEM-парктер көп. Бірақ біз құрғалы отырған STEM-парк Ресей және өзге елдердегіден басқаша. Бұл STEM-парк ұстаздарды дайындауға арналған. Оқушыға сабақ бермес бұрын бірінші кезекте мұғалімнің өзі қажетті жабдықтарды жақсы меңгеруі тиіс.

 

 

18.03.2018 г.

Ақпарат көзі: 24.kz