Главная /
Объявления
13.10.2021 Құрметті студенттер және магистранттар!
Президенттік стипендия күндізгі оқу бөлімінің 3-ші курс студенттеріне (2-ші курс бірінші жоғары қысқартылған білім) және 2-ші курс магистранттарына оқу үлгерімі өте жақсы (тек «өте жақсы» баға) болған жағдайда ғана беріледі. Стипендияның бұл түрін «грант иегерлеріне» ғана емес, ақылы негізде оқитын студенттерге де тағайындауға болады.
ҚР Президенті қорынан Стипендия келесі тұлғаларға тағайындалуы мүмкін: - республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдердің жеңімпаздарына немесе жаңалықтар мен өнертабыстардың авторларына; - ғылыми еңбектер жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға; - ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындар (жетістіктерін дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен дәлелдеу қажет); - білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.
Президенттік стипендия ЖОО ректорының бұйрығымен оқу жылында бір семестрге тағайындалатынын атап өткен жөн. Үміткердің GPA балы жоғары болуы тиіс.
Президенттік стипендияға үміткерлер келесі қажетті құжаттарды өткізуі қажет: 1) Өтініш («Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы). 2) Транскрипт. 3) Марапаттар (Диплом, сертификат, мақтау қағазы және т.б. белгілер). Ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына құжаттар тапсыру қажет.
|