Главная
Новости
20.03.2018
«Педагогикалық STEM-парк» қазақстан - ресей халықаралық семинары
2018 жылдың 17 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында «Педагогикалық STEM-парк» қазақстан-ресей халықаралық семинары өтті.
STEM - бұл Science, Technology, Engineering, Math бағыттарының басқы әріптерінің құрылымы, ал «Педагогикалық STEM-парк» - білім беру, ғылым және бизнес жүйесіндегі әріптестіктің жаңа форматы.
Халықаралық семинардың мақсаты - STEM-парк технологияларын педагогикалық университеттің білім беру үдерісімен сабақтастыру және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде цифрлық робототехника және мехатроника STEM-паркін құру мәселелерін талқылау.
Халықаралық семинар жұмысына ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі профессор Есен Бидайбеков, профессор Бахытжан Ахметов, РББА корреспондент-мүшесі, РББА корреспондент-мүшесі, МҚПУ профессоры Сергей Григорьев, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ аймақтық дамыту директоры Владимир Федотов, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ ҚР өкілдігінің жетекшісіМуслим Қасымжанов, «Брейн Девелопмент» ЖШҚ бас директоры ЛеонидCказочкин, жасап шығару бөлімінің бастығыДмитрийУстинский, «Брейн Девелопмент» ЖШҚ ҚР-дағы өкілдігінің жетекшісіАрманКаримжанов, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері, «Тұран» мектеп-лицейінің директоры Гүлнар Искакова, Республикалық физика-математика және химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектетерінің оқытушылары қатысты.
Семинар барысында ректор Такир Балықбаев ағымдағы жылдың 21-23 ақпаны аралығында өткен алғашқы «Цифрлық университет» халықаралық қазақстан-ресей семинарының сәтті өткендігін, семинардың нәтижелері бойынша цифрлық педагогикалық университетінің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, білім берудегі цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға педагогтарды даярлау жолдарының айқындалғанын атап өтті. Сонымен қатар «Педагогикалық STEM-парк» халықаралық семинары педагогикалық жоғары оқу орнына STEM-оқытуды енгізу тәсілдерін, сондай-ақ, «Информатика және робототехника» қосымша білім бағдарламасының негізінде бакалаврлар мен магистранттарды даярлауды және барлық жаратылыстану-ғылыми мамандықтарына «Робототехника» элективті курсын, сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға «Білім берудегі цифрлық технологиялар» элективті курсының енгізіліп, университетіміздің базасында STEM-парк құрудың барысын талқылауға бағытталғандығын айтып өтті.
Халықаралық семинар жұмысында Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасының қызметкері Сергей Григорьев, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ аймақтық дамыту директоры Владимир Федотов және т.б өкілдер баяндама жасады.
«Педагогикалық STEM-парк» семинарының аясында әр түрлі жастағы балаларға «Роботрек» конструкторлар жиынтығын пайдалану және оларды оқу үдерісінде қолдануға арналған «Роботрек» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |