Главная /
Объявления
25.10.2021 Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2021» конкурсының жеңімпазы үлкен сыйақы алады
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2021» республикалық конкурсының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болып, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері болуы тиіс.
Конкурстың мақсаты - оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру болып табылады.
«Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар ҚР БҒМ universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады. Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар енгізілді», - деп хабарлады ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Конкурс ақпараттық жүйе базасында өтеді, сәйкесінше конкурсқа қатысушылар барлық кезеңнің ашық өтуін бақылай алады.
Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігі
|