қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
26.02.2015

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің

VII Республикалық пәндік олимпиадасы

5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша

 

Олимпиада Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

 

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 08-10 сәуір 2015 жыл

 

       Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесіне сай «5В011400 - Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VII Республикалық пәндік олимпиадасы мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының студенттері үшін өткізіледі.

 

І. Республикалық олимпиаданы өткізу тәртібі

 

      Олимпиадаға  5В011400-Тарих мамандығы, күндізгі оқу бөлімінің  2-3 курс студенттері қатыса алады.  Олимпиадаға жоғары оқу орындарындағы ішкі турлардан 1,2,3 орындар алған командалар қатысады. Команда құрамы 4 қатысушыдан тұрады. Команданы жетекшісі бастап келеді.

 Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ, орыс.

 

Олимпиада 3 турдан тұрады

 

1 тур

Жобаны қорғау. Тақырыбы: «Қазақ хандығының 550 жылдығы ұлттық тарихтың тағдыршешті кезеңі»   (Қазақ хандарының тұлғалық бейнесін ашып көрсету).

 

5 баллдық жүйемен бағаланады. Регламент-15 минут.

Бағалаудың критерилері:

-өзектілігі;

-идеясының ерекшелігі;

-тақырыпты ашу деңгейі.

 

2 тур

 «Бүгінгі тарихшы студент-ертеңгі кәсіби маман». ГОСО ның міндетті пәндері бойынша тестілеу.

- Қазақстан тарихы

- Әлем тарихы

- Этнография

- Археология

- Түркі халықтарының тарихы

 

Тестің әр вариантында 30 сұрақтан (бес пәннен 6 сұрақтан). Әрбір тестік тапсырманың дұрыс жауабы 1 балл болып саналады.      

 

3 тур

Этномәдени танымдылық: «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» (Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады)

 

 

ЕРЕЖЕ

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің

VII Республикалық пәндік олимпиадасы

5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша

 

  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VII Республикалық 5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша өткізілетін пәндік олимпиадасы келешектегі тарихшы мұғалімдердің творчестволық жарысы және кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті студенттердің білім деңгейін,  біліктілігін анықтауға бағытталған.

       Олимпиада өздерінің педагогикалық қабылеттілігі бар, творчестволық жұмыс істеуге бейімді, кәсіби құзыреттілік дәрежесі жоғары студенттерді халықаралық олимпиадаға қатысатын командалық рухты қалыптастыруға бағытталған.

       Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VII Республикалық 5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша өткізілетін пәндік олимпиадасы талантты студенттік жастарды қолдауға мүмкіндік жасайды.

 

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеті

. Қазақстанның творчестволық жастарының белсенді өмірлік және азаматтық позициясын дамытуға, сонымен бірге рухани-адамгершілік және ғибраттық денсаулықты, күш көрсету мен агрессияға қарсы, қоғамда өзінің орны бар және өзін соның толық қанды мүшесі ретінде сезінуге тәрбиелейді;

 . Студенттердің кәсіби-тұлғалық  мүмкіндігін ашуға, олардың өзін-өзі тануын, творчестволық белсенділігін, өздерінің мүмкіндіктерін қолдануына және оны жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды;

.    Ерекше  білімді және қабылетті студенттерді тандау және қолдау көрсету;

. Білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыруға бағытталған;

. Еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындары «Тарих» мамандығы  студенттерінің бір-бірімен достық қатынастары мен творчестволық жағынан байланыс орнатуына мүмкіндік жасау.

 

Олимпиаданың бағдарламасы

 

07 сәуір 2015 ж. - қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйге орналастыру

 

1 күн (8 сәуір)

 

08.45 -9.45 сағ. - Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу.

10.00-11.00 сағ.- VII Республикалық студенттердің  5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша пәндік олимпиадасын салтанатты түрде ашу.

11.00-13.00 сағ.- Олимпиаданың 1 туры. Командалық жобаны қорғау. Тақырыбы: «Қазақ хандығының 550 жылдығы ұлттық тарихтың тағдыршешті кезеңі»  (Қазақ хандарының тұлғалық бейнесін ашып көрсету).

13.00-14.00 сағ.- түскі үзіліс.

14.00-16.00 сағ.-1 турдың жалғасы.

17.00-20.00 сағ.- Алматы қаласы бойынша экскурсия

 

 

 

2 күн (9 сәуір)

 

10.00-11.30 сағ.- Олимпиаданың 2 туры. «Бүгінгі тарихшы студент - ертеңгі кәсіби маман».  ГОСО ның міндетті пәндері бойынша тестілеу.

11.30-12.30 сағ. түскі үзіліс.

12.30-19.00 сағ. Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Есікке» экскурсия.

 

3 күн (10 сәуір)

 

10.00-11.00 сағ. 3 тур. Этномәдени танымдылық: «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» (Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады)

11.30-12.30 сағ. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің мұражайына бару.

13.00-14.00 сағ.- түскі үзіліс.

15.00-16.00 сағ. - 3 тур бойынша қорытындысын шығару.

 

16.00-17.00 сағ.- VII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы.

 

Командаларды марапаттау.

 

        Жүлделі орын алған студенттерді  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапаттауға   ҚР БжҒМ жіберіледі.

        Жүлделі орын алған командалар грамотамен және қымбат сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі:

 

- Олимпиадаға қатысу үшін командалардың өтініші (ЖОО ректоры бекіткен);

- Қатысушының жеке куәлігі;

- Қатысушылардың студенттік билеті;

- Іс-сапар куәлігі.

  Олимпиадаға қатысушылардың құжаттары 2015 ж. 20 наурызына  дейін электронды және қағаздық нұсқада жіберілуі тиіс.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

050000 Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 үй.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультеті, кабинет 502.

Тел: 8(7272) 91-03-09; 91-78-24; тел./фак: 8(7272)91-03-09.

Электрондық почта: g_bal_01@mail.ru

 

Іс-сапар шығыны (жол ақысы, тұратын орны және тамағы) топты жіберіп отырған ЖОО есебінен төленеді.

 

 

Өтінім

 

 «5В011400 - Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Абай атындағы ҚазҰПУ-де өтетін VII Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы

(әр қатысушы толтырады)

 

Тіркеу карточкасы

 

  1. Қатысушының аты-жөні (толығымен) __________________________
  2. Мамандық шифры, курс, оқу тілі ______________________________
  3. ЖОО (толық аты)____________________________________________
  4. Адресі____________________________________________________
  5. Байланыс: телефоны/факс, Е- mail (қатысушының, мекемесінің) ___________
  6. Тұратын орын керек пе (иә, жоқ)_______________________________
  7. Келуі______________________________________________________
  8. Кетуі______________________________________________________
  9. Топтың жетекшісінің аты-жөні, қызметі және байланыс телефоны, факс________________________________________________
  10. Тұратын орны (иә/жоқ)_______________________________________

 

ЖОО басшысының қолы   Мөр            Толтырылған күні

Қонақ үйде тұратын орынды алдын ала даярлау үшін топта қанша адам болатындығын ақпараттық хат алысымен  нақты берулеріңізді сұраймыз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің олимпиаданы ұйымдастыру комитеті