қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
30.11.2021

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге тапсырыс

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Өнер, мәдениет және спорт институты

Директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- ҚР Еңбек Кодексіне, ұжымдық шартына және жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жасайды;

Өз іс-әрекеті, қызметі бойынша есеп береді.

- Зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды  жүргізудің жоспарлар мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді.

- Институт директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар жөнінде ақпарат алады, сәйкес құжаттармен қол қою арқылы танысады;

- Ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі үрдісін ұйымдастырудағы  сұрақтар бойынша институт директорының бұйрығын  таратады;

- Институт директорының  басқа  орынбасарларымен,  ЖОО мекемесінің педагогикалық қызметкерлерімен өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жүйелі түрде үнемі ақпаратпен  алмасып отырады;

- Институт  директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т. б.) оның міндеттерін атқарады.Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, білім беру мекемесінің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы немесе  өкілетті органның басшысының  (Білім басқармасы) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

- Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік ғылыми ұйымдарды, шетелдік озық университеттермен екі жақты қарым қатынас жасау мен келісімге келу халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Ғылыми бағыт бойынша бакалавр, магистр, PhD докторларды даярлау ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудегі дағдыларды алуға бағытталған арнаулы білім бағдарламалары бойынша таныстыру жүйесін ұйымдастырады

- Халықаралық ғылыми және ғылыми-педагогикалық  ынтымақтастық бойынша жұмыстар жүргізеді

- Есеп тапсыратын құжаттардың уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

- Ғылыми және өнер, мәдениет, педагогикалық қатынастар бойынша қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

- Құжаттарды жүйелі бақылауға алады және жауап береді.

- Ғылыми жұмыстар бойынша жылдық және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мониторинг жүргізеді .

- Іргелi сипаттағы ең маңызды ғылыми проблемалар, оның iшiнде ғылыми-педагогикалық бағдарламалар бойынша зерттеулердiң өткiзілуіне ғылыми басқаруды жүзеге асырады, және олардың өткiзуiнде тiкелей қатысады;

- Ғылыми-педагогикалық зерттеулер бойынша жаңа бағыттарын құрастырады, жұмыс бағдарламаларын құрастыруды ұйымдастырады, олардың өткiзілуінің амал әдiстерін анықтайды;

- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын құрастыруға қатысады, оларға тапсырылған тапсырмаларды өзге ұйымдармен бiрлесіп орындаған кезде қатысқан қоса орындаушылар қызметін үйлестiредi;

- Маркетинг, ғылым туралы заңнамаларды білуі тиіс.

Іссапарларға шығу:

мүмкін

Білімі:

жоғары білім, кем дегенде магистр не болмаса PhD доктор  атағы болуы тиіс.

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

- Жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем емес. Департамент маманының лауазымдық өкілеттіктерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары болуы тиіс;

- Қызмет бағыты, ұйымдастыру жұмысы, міндеттерді шешуге жүйелі көзқарас, консультация беру, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, ақпараттық материалдарды жүйелеу және дайындау бойынша нормативтік және өзге де құжаттарды әзірлеу.

Кәсіби құзыреттер:

Маман есептерді, анықтамаларды, іскерлік хаттарды, бұйрық жобаларын жасай білуі, хаттамаларды жүргізе білуі тиіс.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жаңашылдық, ақпаратпен жұмыс істей білу, мақсатқа жету, ұстамды және шыдамды болу, бастамашылдық және батылдық, сыпайылық және сенімділік таныта білу; командада жұмыс істей білу, өзін-өзі дамытуға, конструктивтілікке бағдарлау.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдер міндетті болуы қажет

Компьютерлік дағдылар:

MS Office пакетін жақсы меңгеру (Access, Excel, PowerPoint, Word, WordPad), графикалық редакторлар (Picture Manager, CorelDRAW), электрондық поштамен жұмыс істеу (Outlook Express). Әр түрлі браузерлермен (Opera, Firefox, Chrome) сенімді жұмыс жасау.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

10.12.2021 дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz