қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.04.2018

«Ғылым - 2018» онкүндігі аясындағы көрме

 

2018 жылдың 5 сәуірінде ҚазҰПУ-де 90 жылдық мерейтойына орай «Ғылым декадасы - 2018» аясында Тарих және құқық институты «Рухани жаңғыру: тарих, құқық, айтылған тарих, философия, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдары мен әдістемесі» көрмесін өткізді.


Көрменің мақсаты - тарих және құқық институтының профессор-оқытушыларының ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерін білім алушылар мен көпшілік қауымға таныстыру және материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.

 

Ашылу салтанатына университет ректоры Такир Балықбаев оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаев, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Тарих және құқық иснтиутының директоры Болат Жұмағұлов және институт кафедраларының меңгерушілері, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар қатысты.

 

Шара барысы университетіміздің 90 жылдық тарихы туралы мұрағат құжаттары негізінде салыстырмалы мәліметтер көрсетіліп, дәйекті деректермен тарих ақтаңдақтарын айтудан бастау алып, студенттердің археологиялық қазба жұмыстарының қорытынды нәтижелері көрсетумен жалғасып, институтқа қарасты 6 кафедраның профессор-оқытушыларының ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің жетістіктерін таныстырумен аяқталды.

 

Көрме соңы ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының жетекшісі - Талас Омарбековтың «Қазақ халқының шығу тегі» туралы профессор-оқытушылар мен студенттер және магистранттардың қатысуымен өткен тарихи деректермен, мұрағат құжаттары негізінде оқылған дәрісімен қорытындыланды.

 

Аталған шара ғылыми-теоретикалық жоғары деңгейде өтіп, жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятып, мамандардың оң пікірін алды.

 

«Ғылым декадасы» 2018 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасады.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

     

 

Тарих және құқық институты