Главная
Новости
10.04.2018
«Қазіргі әлемдегі диалог концепті: философиялық ұғыну және тәжірибе жүзінде қолданылуы» тақырыбындағы онлайн-конференция
2018 жылдың 9 сәуірінде Сорбонна-Қазақстан институтыңда «Қазіргі әлемдегі диалог концепті: философиялық ұғыну және тәжірибе жүзінде қолданылуы» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты диалогтың сипатын және оны заманауи жағдайлардағы тәжірбиеде қолдануды талқылау болды.
Онлайн-конференция Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның бастамаларын халықаралық онжылдық аясында мәдениеттерді жақындастыру (2013-2022) және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дамытуды қолдау мақсатында өткізілді.
1) диалог сипатын нормативтік және әртүрлі мәдениеттерде қолданылатын айрықша мәндері тұрғысынан ұғыну; 2) диалогты білім және мәдениетаралық байланыстарда тәжірибе жүзінде қолдану; 3)орта және жоғары білім жүйесіндегі мәдениетаралық диалог саласында, атап айтқанда, дүние жүзінде әзірге аналогы жоқ, бірегей инновациялық цифрлық ресурс ретінде «Мәдениетаралық диалог» онлайн-платформасы мысалында және озық тәжірибелерде қолдану.
Конференцияға Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Қауымдастырылған мектептері, Қазақстан (Алматы қаласы), Тәжікстан (Душанбе қаласы), Ресей (Мәскеу қаласы), Үндістан (Дели қаласы), Ирак (Бағдад қаласы) және «Дінаралық түсіністікке арналған мәдениетаралық диалог» ЮНЕСКО/ЮНИТВИН Халықаралық кафедраларының жүйесі, Мәдениеттерді жақындастыру бойынша ЮНЕСКО Орталығы (Алматы қаласы); Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның серіктес кафедралары (Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰУ журналистика факультеттері); Сорбонна-Қазақстан Институты (СҚИ); ЮНЕСКО Штаб-пәтері, Әлеуметтік өзгерулер мен мәдениетаралық диалог бағдарламасы (Париж қаласы), Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан бойынша Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Аймақтық кластерлік кеңсесі, Қазақстан-Үндістан қоры (Алматы қаласы) қатысты.
Сорбонна - Казахстан институты |