қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
12.04.2018

Алма алған асулар

 


 

Талай ұлылардың білім алған, қызмет еткен қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ Ұлт­тық педаго­гикалық универ­ситетіне биыл 90 жыл толып отыр. Оқу ордамыз­дың мерей­тойы қар­саңын­да көптеген игі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйым­дас­тыруымен 29-31 наурыз аралығында өт­кізілген психология ғылым­ы­ның докторы, про­фессор Алма Тәуірбекқызы Ақажа­но­ваның 70 жыл­дық мерей­тойына арналған «Зама­науи қоғамдағы пси­хологиялық ғылым және практика: мәселелер, тә­жірибе, болашақ» тақы­рыбында халықаралық ғылыми-практикалық кон­ференция болатын.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан­ның зерттеуші ғалымдары мен практик психологтары қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры, экономика ғ.д., про­фессор А.Сәтмырзаев, п.ғ.д., профессор Б.Әлмұхам­бетов, психол.ғ.д., профессор Ж.На­мазбаева, психол.ғ.д., про­фес­сор, психоаналитик, отба­сылық және жұптық психо­терапевт Е.Змановская (Ресей, Батыс-Еуропалық психоанализ инс­титуты), Дидем Кошар (Ход­жатепе университеті, Түркия), Серкан Кошар (Гази универ­ситеті, Түркия), п.ғ.д., про­фессор М.Фраловская (Ал­тай мемлекеттік университеті, Ресей), психол.ғ.д.,профессор М.Перленбетов (Қазақ пси­хологиялық қоғамының пре­зиденті), ф.ғ.д., профессор Ж.Мол­дабеков, А.Дүйсенбаев (Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты), Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психол.ғ.д., про­фессор А.Сатова баяндама жасап, психологиялық ғылым мәселелерін көтерді, мерейтой иесінің игі істерін, ғылыми еңбектерін атап өтіп, тілек­терін білдірді. Ал секциялық жұмыс­тарда «Психологиялық ғылым және практика тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің саласы: тарихы және даму беталысы», «Ұлттық «Мәңгілік ел» идеясы контек­сіндегі тұлғаның рухани-адам­гершілік дамуының психо­логиялық негіздері», «Психо­логиялық зерттеулер мен практикадағы инновациялық технологиялар», «Психо­лог­тарды кәсіби даярлау­дың және құзыреттілігін көтерудің өзекті мәселелері» бағыттары бойынша ғылыми мақалалар тыңдалып, талдау жасалды.

 

Конференцияның екінші және үшінші күндері шет елден келген мамандар шеберлік сы­ныптар мен тренинг-жаттығу­ларын жүргізіп, девиантты мінез-құлық, отбасы психоло­гиясы бағыттарында практи­калық құн­ды мәліметтер берді.

 

Мерейтой иесі Алма Тәуір­бекқызы Ақажанова - психо­логия ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ж.Аймауытов атындағы сыйлық иегері, «Қазақ психологиялық қоғамының» басты мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Диссертациялық кеңес мүшесі, Дербес тұлға /ХХ-ХХІ ғасыр­лардағы «Жаңашыл-педагогтар» және «Ғылымға арналған өмір» атты Энциклопедиялық кітаптар­ға енген ғалым.

 

А.Ақажанова ЮНИСЕФ гранты бойынша (№PGF/GF/2005/019) «Кәмелеттік жасқа толмағандардың девиантты мінез-құлқын педагогикалық-психо­логиялық тұрғыда түзету» атты оқу-әдістемелік кешен құрас­тырып, ҚазмемҚызпу-нің Тео­риялық және практикалық ка­федра магистранттарына, аспи­ранттарына келісім-шарт бойын­ша Алматы қаласының (№2 балалар үйі», «Девиантты мінез-құлықты балаларға арнал­ған әлеуметтік білім мекемесі»), Талдықорған қаласындағы «Ай­налайын» атты арнайы (Балалар үйі) мекемелерінде психоло­гиялық жұмыстар ұйымдастырды (2005-2006).

 

«ҚР-ғы ювеналды юсти­ция­ның даму концепциясының» бағдарламасы бойынша ҚР ҚАЖК Алматы және Алматы облысының пенитенциарлық мекемелерінде (ЛА-155/6, ЛА-155/4) екі жақты Меморандумға қол қойылып (ҚазмемҚызпу, 2006-2013, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, 2013-2017) ғылыми-ізденіс тобы А.Акажанованың жетекшілігімен психологиялық көмек көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Жабық мекемедегі ғылыми-ізденіс жұ­мыс­тардың нәтижесінде 1 кан­ди­даттық, 2 докторлық, 20 ма­гистр­лық және бірқатар 40-тан астам дипломдық жұмыстар қорғалды.

 

Жаңашыл-ғалым келесі пәндер бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдардың ав­торы ретінде белгілі, олар «6-7 жастағы балалардың ұлттық психоло­гиясын қалыптастыру», 2008), «Девиантология» (орыс-қазақ тілінде, 2009), «Практикум по девиантологии (2009), «Психо­логическая служба в закрытых учреждениях» (2009), «Қазіргі психологияның тари­хы, жағдайы, беталысы» (2014), «Психология девиантного пове­дения несовершен­нолет­них: теория и практика» (Моно­графия, 2011), «Юриди­ческая психология» (2013), «Психоло­гия отклоняю­щегося поведе­ния» (Девиан­тология, Герма­ния, 2015), «Заң психо­логиясы» (2016), «Воз­раст­ная и педаго­гическая пси­хология Казах­стана» (Моно­графия, 2017), т.б. еңбектерді жарыққа шығарды.

 

Заман сұранысына сай А.Ақажанова бірнеше пәндерді «Жабық мекемелердегі психо­логиялық қызмет», «Викти­мо­логия» атты элективті курс­тар­дан дәріс оқып, бағдар­ламалар ұсынды, ал «Девиан­то­логия» пәні бойынша 5В012300 -«Әлеуметтік педаго­гика және өзін-өзі тану маман­дығы» бойынша Типтік оқу бағдарла­маны құрастырды ГОСО МОН РК № 598, 25 желтоқсан 2009 жылы жоғары оқу орындарына ендірілді.

 

А.Ақажанова 180-нен ас­там ғылыми еңбектердің ав­торы: 2 кітап, 2 аударма, 2 моно­графия, 9 оқу құралы, 3 оқу әдістемелік құрал. Атап айтсақ ҚР-ның Президенті Н.На­зарбаевтің бастамасымен «Мә­дени мұра» мемлекеттік бағ­дарлама саясын­да, психология сериясы бойын­ша «Адамзат ақыл-ойының қазынасы» атты 10 томдықтың 3-томында көр­некті шет ел психолог-нео­фрейдист К.Хор­нидің «Өзін-өзі талдау» (2005) және Ж.Ай­мауытұлының «Пси­хо­логия» (2006) атты еңбектерін қазақ­шаға аударған.

 

Көптеген марапаттау гра­моталары, Алғыс хаттар Алма Тәуірбекқызының ҚР-ның жас ұрпақтарына берген білімімен тәрбиеге қосқан үлесінің айтарлықтай маңыз­дылығын айқындайды.

 

Авторы: Гүлмира Момбиева

Абай атындағы ҚазҰПУ,

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы

12.04.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz